АРТА бас рейтингінің ТОП 20- 2022 университетінің тізімі жарияланды. Аталмыш тізімде ҚИнЭУ 16-шы орынға ие болды
Аккредиттеу және рейтингтің тәуелсіз агенттігі (АРТА) 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасының ЖОО-на сұраныстың тәуелсіз рейтингін жүргізіп келеді.
Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына сұраныстың тәуелсіз рейтингі:
- Берлин қағидаттарын сақтауға негізделген – ашықтық, объективтілік, тексерілу және ақпарат көздерінің қолжетімділігі
- оқытудың бағыттары мен деңгейлері бойынша білім беру бағдарламаларының сапасын анықтауға
- Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ерекшеліктерін, сондай-ақ олардың әртүрлілігін ескеруге бағытталған.
Оқытушыларды, қызметкерлерді және студенттерді тамаша жаңалықпен құттықтаймыз және алдағы уақытта да үлкен жетістіктер тілейміз!
Комментарии