Ғылыми әлеуеттің күші
«Ғылымды дамыту: жаңа үрдістер мен инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияның жұмысы секциялық отырыстарда жалғасты. Халықаралық конференцияға қатысушылар географиясы жыл сайын кеңейіп келеді. Биылғы шараға Ресей, Түрікменстан, Әзербайжан, Украина мемлекеттерінен, сондай-ақ еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарынан 100-ден астам білім алушылар, магистрант және оқытушы қатысты. Олардың қатарында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университеті мен Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің білім алушылары бар. Қатысушылар өз ғылыми зерттеулерін төрт секция бойынша қорғады: Энергетика және техникалық ғылымдар, Ақпараттық технологиялар және цифрландыру, Экономика және әлеуметтік ғылымдар, Ауыл шаруашылығы ғылымдары. Университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысушылары мен модераторларына алғысын білдіріп, сертификаттар табыстады. Ұйымдастырушылар мұндай конференциялар студенттердің кәсіби өсуіне ықпал етіп қана қоймай, әртүрлі елдердің жас зерттеушілері арасында білім мен тәжірибе алмасу алаңына айналатынын атап өтті.
28 қараша 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии