Қостанай және Сомалиленд - жақын
Бүгін Қостанай инженерік-экономикалық университеті сонау Африкадан ат терлетіп келген қадірлі мейманды - Сомалилендтің Эдна Адан университетінің вице-президенті, профессор Мустафа Хассан Дахирды қарсы алды. Бастапқыда профессор Халықаралық аптаға қатысуды жоспарлаған еді, алайда бірқатар себептерге байланысты негізгі іс-шараға келе алмады. Ұзақ ұшу, үш транзиттік аялдама және әуежайдағы күту оны тоқтатпай, профессор мыңдаған шақырым жолды еңсеріп, бүгін ҚИнЭУ-ге табан тіреді. Қонақты университет инфрақұрылымымен, заманауи зертханаларымен таныстырды. Оқу ордамыздағы олардың саны 30-ға жуық. Көргеніне риза болған профессор өз әсерін қысқа ғана, бірақ әсерлі сөзбен жеткізді: - Wonderful! - деді ол. Мустафа Хассан Дахир робототехника зертханасында роботпен тілдесті, көлік қозғалысын ұйымдастыру зертханасында темір жол технологияларымен танысты. Сомалилендте көлік логистикасы негізінен порттар мен авиация арқылы жүзеге асатынын ескерсек, Қазақстандағы теміржол инфрақұрылымы оны ерекше таңқалдырды. Қонақ Қазақстандағы мемлекет, бизнес және білім саласының үйлесімді байланысын жоғары бағалады. Өз кезегінде ол Эдна Адан университетінің қазіргі тыныс-тіршілігімен бөлісті. Білім ордасы бастапқыда медицина саласының мамандарын даярлауға бағытталғанымен, соңғы жылдары экономика, менеджмент және IT бағыттарын белсенді дамытып келеді. Профессор ҚИнЭУ ұжымымен кездесуде Сомалилендтегі жоғары білім беру тәжірибесімен бөлісіп қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктерін талқылады. Іс-сапар соңында ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманович Мамедов пен профессор Мустафа Хассан Дахир екіжақты ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Құжат ғылыми жобаларды бірлесіп әзірлеуді, профессорлық-оқытушылық құраммен тәжірибе алмасуды, студенттер арасындағы академиялық байланыстарды нығайтуды көздейді. Осылайша, Сомалиленд пен Қостанай арасындағы қашықтық географияда ғана алыс көрінгенімен, білім мен ғылым жолындағы байланыс оларды бұрынғыдан да жақын етті.
1 желтоқсан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии