Біз сізді жақсы көреміз, құрметті ұстаз!
Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жүректерді ерекше кеш өтті. 80 жастың сеңгіріне шыққан Жеңіс-Нұры Мырзатайұлы өзінің мерейтойын мерекелік концертпен атап өтті. Жиынға әріптестері, шәкірттері мен түлектері бас қосты. Олар үшін Жеңіс-Нұры Мырзатайұлы - ұстаз ғана емес, бағыт-бағдар берген жан, өмір жолын айқындап көрсеткен шынайы тәлімгер. Мерейтой иесін «Ақ Дариға» және «Қостанайские зори» халықтық вокалдық ұжымдары ерекше ықыласпен құттықтады. Жеңіс-Нұры Мырзатайұлы бұл ұжымдардың қатарында ширек ғасырдан астам уақыт бойы өнер көрсетіп келеді. Сахнада туған күн иесі өзі де шығып, жастық шаққа қайта оралғандай: – Ай-хоу, 25! – деп ән шырқап, бүкіл залды көтеріңкі көңіл күйге бөледі. Халықтық «Казачья доля» ансамблі де мерейтой иесіне арнап музыкалық сыйын ұсынды. Университет ректоры Жеңіс-Нұры Мырзатайұлына алғыс хат табыстап, оның ұзақ жылғы еңбегіне, білім саласын дамытуға қосқан өлшеусіз үлесіне ерекше құрмет білдірді. Жылы лебіздер студенттер мен әр буын түлектерінен де ақтарылып жатты. Олар сахнаға құр қол емес, жүрекжарды тілектерімен, шағын сыйлықтарымен шығып, ұстаздарына деген ризашылықтарын жеткізді. Осылайша Жеңіс-Нұры Мырзатайұлы өзінің 80-жылдық мерейтойын көтеріңкі көңілде, жігерлі күйде, ең бастысы - шәкірттері, әріптестері және жақындарының шынайы сүйіспеншілігі мен құрметінің ортасында атап өтті. Сахна төрінде айтылған ең маңызды сөз: “Біз сізді жақсы көреміз, құрметті ұстаз!”
1 желтоқсан 2025 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии