Ынтымақ пен жеңіс
Қостанай облысының этномәдени бірлестіктер арасындағы спартакиаданың екінші күні тартысқа толы болды. Командалар шағын футбол мен волейболдан финалдық ойындар өткізіп, дартс және арқан тарту сайыстарында да өзара мықтыны анықтады. Шағын футболдан «Асаба» қоғамдық бірлестігінің командасы жеңіске жетті. Екінші орынды өзбек этномәдени орталығының «Ёшлар» командасы иеленсе, үшінші орын «Ассамблея жастары» құрамасына бұйырды. Арқан тарту сайысы ерекше тартысты өтті. Қатысушылар жеңіс үшін бар күшін салып, көрермендерге нағыз әсер сыйлады. Нәтижесінде: 1 орын - әзербайжан этномәдени бірлестігінің «Бирлик» командасы. 2 орын - «Асаба» ҚБ командасы. 3 орын -«Ассамблея жастары» құрамасы. Дартс сайысында мергендігімен көзге түскен башқұрт этномәдени бірлестігінің «Азатлык» командасы үздік атанды. Екінші орын - «Асаба» ҚБ командасында, үшінші орын - «Ассамблея жастары» құрамасында. Волейбол ойындары да аса қызу әрі көрермен үшін қызықты өтті. Әзербайжан этномәдени бірлестігінің «Бирлик» командасы қарсыластарына мүмкіндік бермей, чемпион атанды. Екінші орынды башқұрт этномәдени бірлестігінің «Азатлык» командасы иеленсе, үшінші орын «Ассамблея жастары» құрамасына бұйырды. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамоталармен марапатталып, ауыспалы кубок «Асаба» қоғамдық бірлестігінің командасына табысталды.
21 мамыр 2026 жыл.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей
Комментарии