Профессорлық-оқытушылық құрамның қызметіне орналасуға байқау

Хабарландырудың жарияланған күні: 2021 жылғы 17 тамыз

Қостанай қаласы, Чернышевский көшесі, 59 ғимаратта орналасқан «М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті» жеке мекемесі профессорлық-оқытушылық құрамның лауазымдарына конкурс жариялайды:

Жалпы білім беру пәндер кафедрасы:

  1. Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік
  2. Сеньор-лектор – 1 бірлік
  3. Аға оқытушы — 2 бірлік

Көлік және сервис кафедрасы:

  1. Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік
  2. Профессор – 1 бірлік
  3. Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік
  4. Сеньор-лектор – 1 бірлік
  5. Аға оқытушы — 1 бірлік
  6. Оқытушы – 1 бірлік

Ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасы:

  1. Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік
  2. Профессор – 1бірлік
  3. Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік
  4. Сеньор-лектор – 1 бірлік
  5. Аға оқытушы – 1 бірлік
  6. Оқытушы – 2 бірлік

Стандарттау және тағам технологиялары кафедрасы

  1. Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік
  2. Сеньор-лектор — 1 бірлік
  3. Аға оқытушы – 1 бірлік
  4. Оқытушы – 1 бірлік

Экономика және менеджмент кафедрасы

  1. Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік
  2. Қауымдастырылған профессор – 1 бірлік
  3. Сеньор-лектор — 1 бірлік
  4. Аға оқытушы – 2 бірлік
  5. Оқытушы – 3 бірлік

Энергетика және машина жасау кафедрасы

  1. Қауымдастырылған профессор – 2 бірлік
  2. Сеньор-лектор — 2 бірлік
  3. Аға оқытушы – 2 бірлік
  4. Оқытушы – 1 бірлік

Есеп және қаржы кафедрасы:

  1. Кафедра меңгерушісі – 1 бірлік
  2. Сеньор-лектор – 2 бірлік
  3. Аға оқытушы – 2 бірлік
  4. Оқытушы – 1 бірлік

 

Профессор-оқытушы құрамы лауазымдарының біліктілігіне қойылатын талаптар:

1) кафедра меңгерушісі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, доктор немесе ғылымдар кандидаты ғылыми дәрежесінің, профиль бойынша доктор  немесе философия докторы дәрежесінің (PhD) және кемінде 5 жыл педагогикалық немесе басқарушы лауазымдардағы жұмыс өтілінің болуы;

2) профессор: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесінің/PhD докторы академиялық дәрежесінің және ғылыми профессор/қауымдастырылған профессор (доцент) атағының болуы, кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі;

3) қауымдастырылған профессор: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесінің/PhD докторы академиялық дәрежесінің немесе «қауымдастырылған профессор» (доцент) ғылыми атағының болуы, кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық қызметтегі, оның ішінде кемінде бір жыл аға оқытушы лауазымындағы жұмыс өтілі;

4) сеньор-лектор: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, ғылыми дәрежесінің/PhD докторы академиялық дәрежесінің болуы.

5) аға оқытушы: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, ғылым магистрі дәрежесінің болуы, (оқытушының) ассистенті лауазымында кемінде 3 жыл ғылыми-педагогикалық қызметтегі жұмыс өтілі немесе жоғары білім (маман), бейіні бойынша практикалық жұмыс өтілі кемінде 5 жыл.

6) оқытушы: жоғары (немесе жоғарыдан кейінгі) білім, ғылым магистрі дәрежесінің болуы немесе жоғары білім (маман).

 

Өтініш беру мерзімі: осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күннен кешіктірмей.

Құжаттар қабылдаудың соңғы күні мен уақыты: 31.08.2021 ж., сағ. 18:00 (қоса алғанда).

Ақпарат алу мекенжайы: Қостанай қаласы, Чернышевский көшесі, 59 ғимарат, 115 каб. Телефон: 8(7142)392519, факс: 8(7142)280159

WhatsApp: 87010565858 (9.00-дан 18.00-ге дейін), е-mail: kadry@kineu.kz

 

Өтінішке келесі құжаттар қоса тіркеледі:

  • Жеке куәліктің көшірмесі;
  • Өмірбаян немесе резюме;
  • Жоғары немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі туралы дипломның, ғылыми және академиялық дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы туралы дипломдардың көшірмелері;
  • Қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы соңғы бес жыл бойынша сертификаттардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
  • Ғылыми  енбектері және өнертабыстарының тізімі(бар болған жағдайда);
  • Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен №075У нысандағы медициналық анықтама;
  • Конкурс жарияланған күнге дейін бір ай аралығында берілген Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің есептері бойынша тұлғаның қылмыстық құқық бұзушылық жасауы туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы анықтама;
  • Конкурс жарияланған күнге дейін бір ай аралығында берілген Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша есепте тұрмайтындығы туралы наркологиялық және психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген Университеттің қызметкерлері келесі құжаттарды тапсырады:

  • өтініш;
  • кафедраның ұсынысы (кафедра мәжілісінің хаттамасы).

Конкурсқа қатысушы өтінішін қосымша құжаттарымен бірге конкурсқа қатысу үшін электронды түрде аталған хабарландыруда көрсетілген Университеттің электронды мекен жайына жібере алады. Форс-мажорлық жағдайларды есептемегенде, үміткер құжаттардың түпнұсқаларын конкурстық комиссияның отырысы күнінде ұсынады.

Конкурсқа қатысушы біліміне, кәсіби деңгейіне қатысты (алдыңғы жұмыс орнындағы басшылық берген ұсынымдар) және біліктілігі мен жұмыс тәжірибесіне қатысты қосымша ақпаратты бере алады.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован.

Открыть чат