Қала және облыс колледждерінің студенттеріне арналған экономика олимпиадасы Олимпиада по экономике для студентов колледжей города и области
26 сәуірде "Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жол картасы" бағдарламасын жүзеге асыру аясында әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы қала және облыс колледждерінің студенттері үшін экономика бойынша олимпиада өткізді. Іс-шараның мақсаты студент жастар арасында экономикалық білімді насихаттау болды.
Олимпиадаға Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары колледжінің, Қостанай әлеуметтік-техникалық колледжінің, Қостанай политехникалық жоғары колледжінің және т. б. екінші және үшінші курс студенттері қатысты.
Олимпиаданы өткізу екі кезеңде жүзеге асырылды: бірінші, алдын ала, кезеңде білім алушыларға тест тапсырмалары ұсынылды, оларды орындау қорытындысы бойынша қатысушылар екінші кезеңге – тапсырмалар мен шығармашылық кейстерді шешуге мүмкіндік алды. Олимпиада нәтижелерін өңдеу барысында қатысушылар үшін университеттің өндірістік зертханалары мен спорт кешені бойынша экскурсия ұйымдастырылды.
Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер ҚИнЭУ-де алғашқы оқұ жылына 100% жеңілдік грамоталармен және сертификаттармен марапатталды, сонымен қатар барлық қатысушылар іс-шарадан шағын сыйлықтар мен жағымды эмоциялар алды.
Комментарии