Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Кәсіби практика

Білім алушылардың кәсіби практикасы білім беру бағдарламасының (БББ) құрамдас бөлігі болып табылады және практика базаларында білім алушыларды кәсіптік-практикалық даярлаудан тұратын оқу процесін ұйымдастыру нысандарының бірі болып табылады.

Кәсіби практика білім беру бағдарламасының жоғары оқу орны компоненті және білім алушылардың міндетті оқу жұмысының түрі болып табылады.

Кәсіби практика білім алушылардың жалпы кәсіптік және кәсіптік құзыреттерді меңгеру үдерісінің үздіксіздігі мен сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған және бірінші курстан бастап жоспарланады.

Университетте бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша кәсіптік практиканың мынадай түрлері көзделеді: оқу, өндірістік (технологиялық) және диплом алдындағы практика.

Кәсіби практиканың түрлері, мерзімдері мен мазмұны білім беру бағдарламасымен, академиялық күнтізбемен және практикалардың өтпелі жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады. Кәсіби практиканың әрбір түрінің өзіндік мақсаттары мен міндеттері болады, солардың негізінде тиісті кәсіптік практика базасы айқындалады.

Білім алушылардың кәсіби практикасын өткізу базасы ретінде жарғылық қызметі мамандар даярлау бейініне және білім беру бағдарламасының талаптарына сәйкес келетін, кәсіптік практикаға басшылық жасау үшін білікті кадрлары мен материалдық-техникалық базасы бар ұйымдар айқындалады.

Өндірістік практика базалары білім беру бағдарламасының бейініне сәйкес келетін ұйымдар (немесе сабақтас ұйымдар) болып табылады.

Оқу практикасы жоғары оқу орнының құрылымдық бөлімшелері мен зертханаларында, сондай-ақ негізгі қызметі осы білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіптік қызмет объектілері мен түрлерінің болуын айқындайтын басқа ұйымдарда (білім беру, өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында) өткізіледі.

Жоғары оқу орындарының білім алушыларының оқу практикасының мақсаты оқыту процесінде алынған теориялық білімді бекіту мен тереңдетуді қамтитын бастапқы кәсіби құзыреттіліктерге ие болу болып табылады.

Өндірістік практика негізгі қызметі осы білім беру бағдарламасы бойынша түлектердің кәсіптік қызмет объектілері мен түрлерінің болуын айқындайтын ұйымдарда (өндірістік, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарында) ұйымдастырылады.

Өндірістік практиканың мақсаты кәсіптік құзыреттерді бекіту, практикалық дағдылар мен кәсіптік қызмет тәжірибесін меңгеру болып табылады.

Бітіруші курста дипломдық жұмысты (жобаны) орындайтын білім алушылар үшін диплом алдындағы практика ұйымдастырылады.

Диплом алдындағы практиканың мақсаты – дипломдық жұмысты (жобаны) жазуды аяқтау.

 

 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы