Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Халықаралық ынтымақтастық және жобаларды іске асыру орталығы туралы

Халықаралық ынтымақтастық және жобаларды іске асыру орталығы университеттің құрылымдық бөлімшесі болып табылады және 2020–2025 жылдарға арналған университеттің стратегиялық даму жоспары аясында шетелдік серіктестермен сыртқы байланыстарды орнату мен дамыту бойынша кешенді функцияларды орындайды.

Орталық қызметінің басты мақсаты – білім беру бағдарламаларының сапасын арттыру және ҚИнЭУ беделін көтеру мақсатында халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларына университеттің қатысуын ұйымдастыру және үйлестіру, сондай-ақ КИнЭУ-дің жобалық қызметін қамтамасыз ету.

Орталықтың негізгі міндеттері:

  • халықаралық ынтымақтастық бағдарламаларын қалыптастыру;

  • университеттің өмір сүруі мен дамуының стратегиялық маңызды бағыттары бойынша жобалар әзірлеу;

  • профессорлық-оқытушылық құрамды халықаралық ынтымақтастыққа тарту;

  • білім алушылар мен профессорлық-оқытушылық құрамның академиялық және сыртқы кредиттік ұтқырлығын қамтамасыз ету;

  • ҚИнЭУ профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлерінің шетелдік тағылымдамаларын ұйымдастыру;

  • университеттің дарынды жастары арасынан жоғары білікті кадрларды жетекші шетелдік оқу орындарында даярлауға жәрдемдесу;

  • халықаралық гранттар мен республикалық және шетелдік қорлардың мақсатты инвестицияларын алуға және іске асыруға жәрдемдесу;

  • шетел азаматтарын жеке шарттар және ынтымақтастық туралы келісімдер негізінде оқыту мен даярлауды ұйымдастыру;

  • ақпараттық және өкілеттілік қызметін жүзеге асыру;

  • ҚИнЭУ жобалық қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету;

  • жобаларды басқару жүйесін құру және уақыттық, қаржылық және басқа да ресурстарды тиімді пайдалану үшін жобаларды жоспарлау, ұйымдастыру және орындауды бақылау арқылы қамтамасыз ету;

  • жобалық қызметтің ақпараттық қолдауын қамтамасыз ету.

Қазіргі уақытта Орталық шетелдік оқу орындарымен 72-ге жуық және Қазақстандағы 59 жоғары оқу орнымен келісімшарттар жасасқан.

Бүгінде біз келесі халықаралық ұйымдардың мүшесіміз:

  • Халықаралық электр байланысы одағы (ITU);

  • CASCADE (Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерін дамытуға арналған ауылшаруашылық университеттерінің консорциумы);

  • Жібек жолы Альянсы;

  • Academic Impact UN;

  • AWS Academy;

  • Global Computing Consortium;

  • UHD World Association;

  • WLAN Application Alliance;

  • Network Innovation & Development Alliance;

  • «Синергия» халықаралық университеттік желілік жоба.

Біз өз тәжірибемізбен бөлісу үшін үнемі жаңа серіктестік қарым-қатынастарды іздейміз және бұрыннан бар байланыстарды дамытамыз. Осы идеяларды жүзеге асыра отырып, жастардың қоғамда өз орнын табуына және жарқын әрі тұрақты болашақ құруына бірге үлес қоса аламыз деп сенеміз.

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы