ҒЫЛЫМИ-ТЕХНИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) іргелі және қолданбалы зерттеулер саласындағы университеттің ғылыми қызметін үйлестірумен, ғылыми мақалаларды, монографияларды рецензиялаумен және оларды ғылыми басылымдарда жариялауға ұсынумен айналысатын жоғары оқу орнының консультативтік-кеңесші органы болып табылады.
ҒТК мақсаты - профессор-оқытушылар құрамының ғылыми қызметін жандандыру, университеттің ғылыми саясатын тиімді іске асыру, университеттің ғылыми жетістіктерін дәріптеу.
ҒТК міндеттері:
1 Университеттің ғылыми-педагогикалық, ғылыми және техникалық әлеуетін жетілдіру.
2 Университеттің өзіндік «ғылыми мектептерін» ашу үшін жағдай жасау;
3 Университет ғалымдарының немесе ғалымдар ұжымының перспективалы, қисынды аяқталған ғылыми-зерттеу жұмыстарын іріктеу және егжей-тегжейлі талқылау, объективті бағалау, сондай-ақ іске асыру үшін ұсыну;
4 Ғылымды тиімді дамыту мүддесінде университеттің бірыңғай ғылыми саясатын іске асыру;
5 Инновациялық қызметті дамытуға жәрдемдесу;
6 Ғылымның перспективалы бағыттары бойынша бірлескен зерттеулерді ұйымдастыру бойынша халықаралық байланыстарды дамыту;
7 Университеттің Қазақстандағы, жақын және алыс шетелдердегі жетекші ғылыми орталықтармен, оның ішінде халықаралық бағдарламалар мен жобалар шеңберінде тиімді ынтымақтастығын дамытуға жәрдемдесу;
ҒТК функциялары:
1 Университеттің ғылыми-техникалық және педагогикалық кадрларының ғылыми өнімдерді құруға қатысуын қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулер нәтижелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
2 Ғылыми зерттеулер бойынша ғылыми сараптама жүргізу;
3 Қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы басқа да ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ғылыми-зерттеу қызметін үйлестіру;
4 Ғылыми-техникалық жобаларды жан-жақты, объективті талқылау, сондай-ақ оларды конкурстарға қатысу үшін ұсыну;
5 Шаруашылық шарттық және мемлекеттік бюджеттік тақырыптар бойынша ҒЗЖ орындау нәтижелерін бағалау;
6 Кафедралар бойынша ҒЗЖ мониторингін жүзеге асыру;
7 Өнеркәсіптік кәсіпорындарды, бизнес құрылымдарды және коммерциялық ұйымдарды бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізуге тартуға жәрдемдесу;
8 Ғылыми жетекшінің жұмысын, олардың ғылымды дамытуға қосқан жеке үлесін бағалау, жаңа идеяларды генерациялау критерийлерін әзірлеу;
9 Кафедралардың ғылыми қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар әзірлеу.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей