Халықаралық апта сәтті өтті!
"KEnEU International Week 2026: білім беру, инновациялар және жаһандық серіктестік" халықаралық апталығы өз мәресіне жетті.
Бір апта бойы ҚИнЭУ ғылым, білім және бизнес өкілдерін біріктіретін ортақ алаңға айналды. Кездесулер, дәрістер, ғылыми талқылаулар, тәжірибе алмасу және кәсіпорындарға ұйымдастырылған экскурсиялар қатысушыларға бір-бірінің жұмысымен жақынырақ танысып, алдағы ынтымақтастық бағыттарын талқылауға мүмкіндік берді.
Білім, ғылым және бизнестің өзара байланысының маңыздылығына Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Ренат Булатович Давлетпаев та тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде осы үш бағыттың бірлесіп жұмыс істеуі аса маңызды. ҚИнЭУ мен кәсіпкерлер палатасы бұл бағытта тығыз байланыс орнатып, бірлескен жұмыстар жүргізіп келеді. Соның бір нәтижесі - жуырда аяқталған білім беру курсы. Жабылу салтанатында Ренат Булатович курсты сәтті аяқтаған білім алушыларға сертификаттарды табыстады.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің төрағасы Александр Анатольевич Соболевке, ҚИнЭУ ректорына, мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының директорына және әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісіне алғыс хаттар табысталды.
Академиялық даму жөніндегі проректор Жұлдыз Орынтаевна Ошақбаева апталықтың жабылуында сөз сөйлеп, барлық қонақтарға, спикерлерге, оқытушылар мен студенттерге белсенді қатысқаны үшін алғыс білдірді.
- Әрқайсымыз үшін бұл күндер нәтижелі болды деп ойлаймын. Маңызды мәселелерді талқылап, кездескен қиындықтар мен оларды шешу жолдарын бірге қарастырдық. Бұл барлығымыз үшін пайдалы әрі жақсы тәжірибе болды, -деді ол.
Проректор шақырылған спикерлерге мазмұнды баяндамалары мен қызықты пікірлері үшін ерекше алғыс білдірді. Сондай-ақ халықаралық апталық алдағы бірлескен жұмыстарға жақсы бастама болғанын атап өтіп, алда жүзеге асыратын жобалар мен атқарар істердің әлі де көп екенін жеткізді.
Салтанатты шара соңында қатысушыларға сертификаттар мен университет атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Халықаралық апталыққа қатысқан шетелдік қонақтар да өз әсерлерімен бөлісті. Профессор Серж Лоренс апталықтың әріптестермен танысып, өздерінің ғылыми жұмыстары мен зерттеулерін талқылауға жақсы мүмкіндік болғанын атап өтті. Ол ортақ ғылыми бағыттар бойынша байланысты жалғастырып, алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.
Профессор Джонслин Грира іс-шара барысында ұсынылған баяндамалар мен презентациялардың жоғары деңгейде дайындалғанына тоқталды. Оның айтуынша, мұндай кездесулер жоғары оқу орындары арасындағы байланысты нығайтып, жаңа бірлескен жұмыстарға жол ашады. Сондай-ақ ол ҚИнЭУ-дің өңір кәсіпорындарымен орнатқан байланысына ерекше назар аударып, университеттің білім мен өндіріс арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы жұмысын жоғары бағалады.
Ал халықаралық серіктестік және жобаларды енгізу орталығының басшысы Адильбек Серикович Сулейменов халықаралық апталық аясында пайда болған байланыстар алдағы уақытта бірлескен жобаларға ұласып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деген сенім білдірді.
KEnEU International Week 2026 аяқталғанымен, осы аптада басталға таныстықтар мен кәсіби байланыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Ортақ идеялар, жаңа жоспарлар мен ынтымақтастыққа деген қызығушылық халықаралық апталықтың маңызды нәтижелерінің бірі болды. Өйткені осындай кездесулер арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашылып, ұзақ мерзімді серіктестіктің негізі қаланады.
20.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей