Стандарттау және тағам технологиялары кафедрасы

Кафедра тарихы
«Стандарттау және тағам технологиялары» кафедрасы М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
«Стандарттау және тағам технологиялары» кафедрасының штаттық құрамы 20 адамнан тұрады. Ғылыми дәрежелілік көрсеткіші – 70%. Қызметкерлердің орташа жасы – 40 жас, ал ғылыми дәрежелері мен атақтары бар профессор-оқытушылар құрамының орташа жасы – 50 жас.
Кафедрада Халықаралық аграрлық білім беру академиясының 3 корреспондент-мүшесі, 3 профессор, Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті берген қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағы бар 4 оқытушы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығына еңбек сіңірген 1 қызметкер және 6 сеньор-лектор жұмыс істейді. Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.
Кафедра ғалымдары кафедрада іске асырылатын барлық білім беру бағдарламалары бойынша РОӘК ОӘБ мүшелері болып табылады. Осылайша, олар білім беру бағдарламаларын дамытуға белсенді қатысады.
Бейіндік пәндер бойынша сабақ жүргізетін оқытушылардың тиісті базалық білімі, педагогикалық және практикалық жұмыс тәжірибесі бар. Университеттің негізгі оқу-ғылыми құрылымдық бөлімшелерінің бірі ретінде «Стандарттау және тағам технологиялары» кафедрасы келесі білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлайды:
- 6В08127 «Агрономия»
- 6В07213 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)»
- 6В07514 «Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)»
- 6В08147 «Агроэкология»
Жоғарыда аталған білім беру бағдарламалары бойынша мамандар даярлауға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілген лицензиялар бар.
6В08127 «Агрономия», 6В07514 «Стандарттау және сертификаттау», 6В07213 «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша)» және 6В08147 «Агроэкология» білім беру бағдарламалары Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігінде (НААР) аккредиттелген.
Аталған білім беру бағдарламалары бойынша даярланған мамандарға өңірде сұраныс жоғары. Мұны кафедра түлектерінің 100% жұмыспен қамтылуы дәлелдейді. Кафедра түлектерінің Германия, Австрия, Англия, Франция, Израиль, Украина, Беларусь, Ресей және басқа елдердегі халықаралық серіктес жоғары оқу орындарының бағдарламалары бойынша тағылымдамадан және өндірістік практикадан өтуге бірегей мүмкіндігі бар.
Базалық кафедра агроөнеркәсіптік кешен саласында мамандар даярлау және оларды өзара мүдделілік пен ұзақ мерзімді ынтымақтастық негізінде кәсіби қызметке оқу-өндірістік тұрғыдан бейімдеу мақсатында құрылған. Бұл агрономдарды, өнеркәсібінің технологтерін және техникалық реттеу саласындағы сарапшыларды даярлау сапасын арттырудың маңызды шарты болып табылады.
Ынтымақтастық
Кафедра «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС, «Олжа Агро» ЖШС, «Baltic Control» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «АльянсКом» ЖШС аккредиттелген сынақ зертханасы, «Қарабалық ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» РМҚК, «Қостанай ұн комбинаты» АҚ, «ҚазСтИн» РМК Қостанай филиалы, «Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы» АҚ Қостанай филиалы, «Агрохимиялық қызметтің республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы» РМҚК, «СарыарқаАвтоПром» ЖШС, «Жасыбай XXI» ЖШС, «Қазлабсервис» ЖШС, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК, «Қазақстандық аграрлық сараптама» АҚ және «Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-мен тығыз ынтымақтастық орнатқан.
Кафедрада білім беру бағдарламалары бойынша студенттерді дуалды оқыту жүзеге асырылады. «Стандарттау және сертификаттау» білім беру бағдарламасының студенттері «Қазлабсервис» ЖШС базасында білім алып, даярлау бейініне сәйкес практикалық дағдыларды меңгереді.
«Агрономия» білім беру бағдарламасының студенттері «Жазкен Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Қостанай филиалының базасында дуалды оқудан өтеді. Мұнда олар теориялық білімдерін іс жүзінде қолданып, агрономия, өсімдіктерді қорғау және олардың карантині салаларында практикалық тәжірибе жинақтайды.
«Агроэкология» білім беру бағдарламасы бойынша дуалды оқыту «Заречное ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС-мен бірлесіп ұйымдастырылған. Ынтымақтастық аясында студенттер теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде бекітіп, өндірістік және ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысады әрі агроэкология саласындағы кәсіби құзыреттерін қалыптастырады.
Ынтымақтастық дуалды және тәжірибеге бағдарланған оқытуды жүзеге асыру туралы тиісті шарттармен бекітілген бірлескен оқу-өндірістік және ғылыми қызмет түрінде жүргізіледі. Аталған кәсіпорындардың өндірістік базаларында кафедраның филиалдары мен оқу сыныптары құрылып, жұмыс істеуде.
Кафедраның мақсаттары
«Стандарттау және тағам технологиялары» кафедрасы білім беру сапасы саласында мынадай мақсаттарды алға қояды:
- классикалық білім беру құндылықтарын сақтай отырып, іргелі білімге ие және ауыл шаруашылығы ғылымдары, техника мен технология саласындағы инновацияларды тиімді енгізуге қабілетті жоғары білікті мамандар даярлау;
- мамандарды эксперименттік-зерттеу жұмыстарына, эксперименттер, өлшеулер мен бақылаулар жүргізуге, сондай-ақ зерттеу нәтижелері мен ғылыми әзірлемелерді ауыл шаруашылығы өндірісі мен қайта өңдеу өнеркәсібіне енгізуге даярлау.
«Стандарттау және тағам технологиялары» кафедрасы өз қызметінде оқытудың заманауи инновациялық технологияларын пайдалану және жақын әрі алыс шетелдердегі жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты дамыту арқылы білім беру қызметінің жоғары сапасына кепілдік беруге және оны қамтамасыз етуге ұмтылады.
Біздің байланыстарымыз:
Мекенжайы: Қостанай қаласы, Чернышевский көшесі, 59 (А корпусы), 315-аудитория
Телефон: +7 747 850 5420
e-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Кафедраның жұмыс режимі:
Дүйсенбі–жұма: 9:00–18:00
Түскі үзіліс: 13:00–14:00
Білім алушыларды қабылдау уақыты:
Дүйсенбі: 16:00–17:00
Сәрсенбі: 16:00–17:00
Жұма: 16:00–17:00
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей




















