«Қостанайда интеллектуалды білім беру экожүйесін құру» жобасы
Қазіргі уақытта университет Халықаралық электр байланысы одағымен бірлесіп «Қостанайда интеллектуалды білім беру экожүйесін құру» жобасын іске асыруда. Жобаны іске асыру мерзімі: 01.08.2020 ж. – 31.12.2022 ж.
Жоба Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауына ие болды және ХЭО сараптамасынан сәтті өтті. 2020 жылғы 17 қыркүйекте жобаның бастапқы кездесуінің аясында оның егжей-тегжейлері жан-жақты талқыланды және ХЭО-ның толық сараптамалық қолдауымен ҚИнЭУ жобаны іске асыруға кірісті.
Жоба аясында Қостанай қаласындағы адами капиталды дамытуға байланысты білім беру мекемелерін, жатақханаларды, кітапханаларды, ғылыми-техникалық шығармашылық орталықтарын және басқа да ұйымдарды қамтитын бірыңғай телекоммуникациялық білім беру желісін құру процесін бірлесіп қаржыландыру көзделген. Ұсынылған телекоммуникациялық желінің орталығы ҚИнЭУ базасында құрылатын желілік және ақпараттық инфрақұрылым болып табылады.
Жобаның негізгі мақсаты – білім беру мекемелерін жоғары жылдамдықты интернет, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру платформасы, бейнеконференциялар, IP-телефония, университеттердің электрондық кітапханасы мен білім беру ресурстарына қосылу, желіні басқару және мониторинг сияқты телекоммуникациялық және ақпараттық қызметтермен қамтамасыз ету.
Күтілетін нәтижелер:
-
ҚИнЭУ-дың жаңғыртылған базалық телекоммуникациялық желісі.
-
Қостанайда интеллектуалды білім беру экожүйесі.
Аталған жоба аясында ҚИнЭУ мен ХЭО Қостанайда интеллектуалды білім беру экожүйесін құру мақсатын алға қойды. Бұл білім беру мекемелерін жоғары жылдамдықты интернет, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру платформасы, бейнеконференцбайланыс, IP-телефония, университеттердің электрондық кітапханасы мен білім беру ресурстарына қосылу, желіні басқару және мониторинг сияқты телекоммуникациялық және ақпараттық қызметтермен қамтамасыз етуді қамтиды.
Аталған мақсатқа ҚИнЭУ-дың телекоммуникациялық желісінің қолданыстағы өзегін жаңғырту, ҚИнЭУ нысандарын қосу және қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру, бейнеконференциялар, IP-телефония, университеттердің электрондық кітапханасы мен білім беру ресурстарына қосылу, желіні басқару және мониторинг жүргізу платформасын орналастыру арқылы қол жеткізілді.
Күтілетін нәтижелер:
-
ҚИнЭУ-дың базалық телекоммуникациялық желісі жаңғыртылды.
-
Қостанайда интеллектуалды білім беру экожүйесі құрылды:
-
6 нысан қосылды,
-
702 экожүйе пайдаланушысы.
-
Жобаның бенефициарлары:
-
Қостанай қаласындағы жоғары және орта оқу орындарының жатақханаларында тұратын студенттер, олар байланыс сапасының жақсаруы мен интеллектуалды білім беру экожүйесін пайдаланудан пайда көреді;
-
Білім беру мекемелерінің қызметкерлері, олар интеллектуалды білім беру экожүйесін пайдаланудан пайда көреді;
-
Пайдаланушылар орналасқан жерге жақын жерде тұратын немесе жұмыс істейтін жеке және заңды тұлғалар, олар интеллектуалды білім беру экожүйесін пайдаланудан пайда көреді.
Осы жобаның арқасында Қазақстанның шалғайдағы өңірлерінің бірінде цифрлық технологияларды енгізуді жеделдетуге арналған маңызды құрал құрылды.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей