ЖАС ҒАЛЫМДАР КЕҢЕСІ
Университеттің Жас ғалымдар кеңесі (бұдан әрі - Кеңес) тұрақты жұмыс істейтін, алқалы кеңесші орган болып табылады.
Кеңестің миссиясы келесі мәселелер бойынша университет саясатын қалыптастыру және іске асыруды үйлестіру болып табылады:
- жас ғалымдарды ғылыми-зерттеу, оқытушылық және инновациялық қызметке тарту;
- жас ғалым-қызметкерлерді кәсіби даму, мансаптық өсу, олардың зияткерлік, заңдық, әлеуметтік-тұрмыстық және басқа да мүдделерін қорғау бөлігінде қолдау;
- жас ғалымдардың ғылыми және басқа да кәсіби жетістіктерін насихаттау және ілгерілету;
- жас ғалымдардың қызметі үшін қолайлы орта құруға байланысты басқа да аспектілер.
Кеңес қызметі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Университет жарғысына және университет қызметін реттейтін басқа да нормативтік құқықтық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Кеңес қызметі келесі қағидаттарға негізделеді:
- объективтілік қағидаты, яғни Кеңестің қарауына шығарылған мәселелерді әділ, жан-жақты қарау және ұсынылған ақпаратты объективті талдау негізінде олар бойынша негізделген шешімдер қабылдау;
- демократизм қағидаты, бұл Кеңестің әрбір мүшесінің кез келген мәселе бойынша Кеңестің басқа мүшелерінің көзқарасынан ерекшеленетін жеке көзқарасы болуы, оны ашық және негізделген түрде білдіру құқығын білдіреді;
- еріктілік қағидаты, яғни жас ғалымдардың Кеңес жұмысына және оның негізінде өткізілетін іс-шараларға қатысуына қатысты еркін және ерікті шешім қабылдауы;
- жариялылық қағидаты, бұл Кеңес отырыстарының барлық мүдделі тараптар үшін ашықтығын, Кеңес шешімдерінің көпшілікке жариялануын білдіреді;
- тең құқықтылық қағидаты, бұл Кеңес мүшелерінің тең құқықтарын білдіреді;
- өзін-өзі басқару қағидаты, яғни Кеңестің өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша университеттің басқа органдарына тәуелсіз, өз бетінше шешімдер қабылдау құқығы.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей