Шетел азаматтарының оқуға түсуіне арналған ақпарат
Шетел азаматтарын университетке оқуға қабылдау
Университетке оқуға түсу үшін шетелдік талапкер ең алдымен Study in Kazakhstan платформасында тіркеліп - Kostanay Engineering and Economics University named after M. Dulatov және тиісті білім беру бағдарламасын таңдауы, электрондық өтінімді толтыруы және талап етілетін құжаттардың толық топтамасын тіркеуі қажет.
Барлық құжаттар платформаға электрондық түрде жүктелуге тиіс. Университеттің қабылдау комиссиясы құжаттарды тексеру және одан әрі рәсімдеу үшін оларды платформадан дербес жүктеп алады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау жоғары оқу орнының аккредиттеуі болған жағдайда және қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде өткізетін түсу сынақтарының нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Түсу сынақтары қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
Шетел азаматтарын университетке ақылы негізде оқуға қабылдау әңгімелесу нәтижелері бойынша, академиялық күнтізбеге сәйкес, келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын жүзеге асырылады.
Study in Kazakhstan платформасындағы өтінімге мынадай құжаттарды тіркеу қажет:
- білімі туралы құжат;
- оқылған пәндер мен алынған қорытынды бағалар көрсетілген білімі туралы құжатқа қосымша/транскрипт;
- білімі туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік және/немесе орыс тіліне нотариат куәландырған аудармасы;
- білімі туралы құжаттарды тану рәсіміне қабылданғаны туралы анықтама (бар болған жағдайда);
- талапкердің жеке басын куәландыратын құжаттың мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аудармасы қоса берілген нотариат куәландырған көшірмесі;
- № 075/у нысанындағы медициналық анықтама;
- 3 × 4 см өлшеміндегі 6 фотосурет;
- тілді меңгеру деңгейін растайтын сертификат (бар болған жағдайда).
Study in Kazakhstan платформасына жүктелген құжаттар сәтті тексеріліп, әңгімелесуден оң нәтиже алғаннан кейін талапкер университеттің қабылдау комиссиясына жеке өзі мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
- білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге түпнұсқасы;
- Университет басшысының атына жазылған өтініш.
Қабылдау комиссиясында талапкер білім беру қызметтерін көрсету туралы шартқа қол қояды. Құжаттардың түпнұсқалары ұсынылып, шарт жасалғаннан кейін Университетке қабылдау туралы бұйрық шығарылады.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар оқуға қабылданғаннан кейін бірінші академиялық кезең ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тану рәсімінен өтуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі № 212 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес, білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсімінен өту үшін талапкерлер құжаттардың белгіленген топтамасын ұсынуға тиіс.
Құжаттардың толық топтамасы ұсынылмаған жағдайда тану және нострификациялау рәсімін жүргізу мүмкін емес.
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне қабылдау мына ұйымдар арқылы жүзеге асырылады:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (Астана қаласы);
- «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО).
Шетел азаматы шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтер ұсынған жағдайда, жоғары оқу орны оның құжаттарын қайтаруға және төленген ақшалай қаражатты қайтармай, Университеттен шығаруға құқылы.
Байланыс ақпараты:
+7 (708) 502 84 16 — Халықаралық ынтымақтастық және жобаларды іске асыру орталығы;
+7 (702) 678 92 75 — ҚИнЭУ қабылдау комиссиясы.
Электрондық пошта: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей