Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Ғылымды дамыту: жаңа үрдістер мен инновациялар

Бүгін KEnEU International Week халықаралық апталығы аясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Ғылымды дамыту: жаңа үрдістер мен инновациялар» атты XVIII халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференцияға өңірдің білім беру саласының өкілдері, халықаралық апталықтың құрметті қонақтары - Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының шетелдік профессорлары қатысты.

Жиынды ҚИнЭУ-дің академиялық даму жөніндегі проректор Жұлдыз Орынтайевна Ошақбаева ашты. Ол өз сөзінде тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның ғылымы мен білім беру саласы айтарлықтай өзгеріп, жаңа бағытта дами бастағанын атап өтті.

- Тәуелсіздік жылдарында еліміздің ғылымы мен білім беру жүйесі жаңа даму кезеңіне қадам басты. Бүгінде инновация, цифрландыру және ғылыми зерттеулер елдің тұрақты дамуы үшін маңызды рөл атқарады, - деді проректор.

Сонымен қатар ол қонақтарға университет туралы қысқаша ақпарат беріп, оның жетістіктері мен негізгі қызмет бағыттарын таныстырды.

Пленарлық отырыста Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің криптология кафедрасының профессоры, доцент Серж Александрович Лоренс, КИМЭП университеті Бизнес факультетінің қаржы саласындағы қауымдастырылған профессоры, ESG орталығының ғылыми-зерттеу қызметі жөніндегі директоры Алимшан Файзулаев, «Ж. Жиембаев атындағы Қазақ өсімдік қорғау және карантин ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Қостанай филиалының жетекшісі Орынтай Тахирович Алиев және академик З. Алдамжар атындағы Қостанай әлеуметтік-техникалық университетінің гуманитарлық ғылымдар магистрі Алтын Қонысбайқызы Төлеуова баяндама жасады.

Пленарлық отырыс соңында баяндамашыларға конференция жұмысына қатысып, ғылыми тәжірибелерімен бөліскені үшін алғыс хаттар табысталды.

Конференция жұмысы бес секция бойынша жалғасты. Секциялар аясында Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Түрікменстан, АҚШ және Еуропалық Одақ елдерінің қатысушылары жалпы 50-ден астам ғылыми жұмыс ұсынылды. Зерттеулер энергетика және техникалық ғылымдар, ақпараттық технологиялар және циырландыру, экономика және әлеуметтік ғылымдар, ауыл шаруашылық ғылымдары, сондай-ақ «Міржақып Дулатов - ақын, жазушы және қоғам қайраткері» тақырыбына арналды.

20.11.2026

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы