Ғылыми кеңес
1.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1.Университеттің Ғылыми кеңесінің қызметінің ережесі Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдесіндегі «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тарауына сәйкес жасалды.
1.2. Ғылыми кеңес жоғары оқу мекемесін ұжымдық басқарудың үлгілерінің бірі болып табылады.
1.3.Ғылыми кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының заңдарын, 26.11.2007 ж. университеттің Ғылыми кеңесі туралы ережені, сонымен қатар «Қостанай инженерлік-педагогикалық университеттің» жарғысын басшылыққа алады.
1.4.Ғылыми Кеңестің қызметі оның міндетіне кіретін сұрақтарды ұжымдық талқылаудың жариялылығына негізделген.
2.ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСТІҢ МІНДЕТТЕРІ:
2.1.Университеттің ғылыми кеңесі:
2.1.1. Университеттің құрылымын бекітеді;
2.1.2. Университет Жарғысына толықтырулар мен өзгертулер енгізеді;
2.1.3. Университеттің даму тұжырымдамасы және стратегиясы анықтайды;
2.1.4. Университеттің құрылымдық бөлімшелерін (кафедралар, факультеттер және т.б.) тарату, қайта ұйымдастыру және құру туралы ережелер енгізеді;
2.1.5. Университеттің оқу-тәрбиелік, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржылық, әкімшілік-шаруашылық қызметін ұйымдастырудың барлық негізге алынатын сұрақтары бойынша шешім қабылдайды;
2.1.6. оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбиелік, халықаралық, ақпараттық, қаржылық-шаруашылық және әкімшілік қызметін енгізу әдістері мен үлгілері туралы университеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшыларының, факультет декандарының және университет проректорларының жыл сайынғы есебін тыңдайды;
2.1.7. университеттің қаржылық-шаруашылық қызметіне бақылауды ұйымдастырады;
2.1.8. бюджеттен тыс қаражаттарды пайдалану тәртібін, сонымен қатар өндірілген өнімді жүзеге асыру және ақылы білім беру қызметін көрсету жолымен алынған кірістерді қайта инвестициялау бағыттарын анықтайды;
2.1.9. жоғары кәсіби білім, мерзімі және оқу үлгісінің көп деңгейлі жүйесі бойынша мамандар дайындаудың жаңа бағыттарын анықтайды;
2.1.10. барлық оқу үлгісінің және дәрежесінің оқу жоспарларын бекітеді;
2.1.11. оқулықтар, оқу құралдары және оқу-әдістемелік әзірлемелерді басылымға қарастырады және ұсынады;
2.1.12. ҚР Президенті бекіткен стипендияларды және атаулы стипендияларды белгілеу туралы шешім қабылдайды;
2.1.13. профессор және доценттің ғылыми атағын беруге ұсынады;
2.1.14. университет қызметкерлерін және шығармашылық ұжымды мемлекеттік, үкіметтік наградаларға, құрмет атағына ұсыну туралы сұрақтарды қарастырады;
2.1.15. ұжымдық шешімді талап ететін университет қызметінің басқа сұрақтарын қарастырады;
3. ҒЫЛЫМИ КЕҢЕС ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ
3.1.Университеттің Ғылыми кеңесі қызметінің мақсаты:
- Университеттің ары қарай дамуына ықпал ету;
- Заманауи талаптарға сай келетін бәсекеге қабілетті мамандар дайындау мақсатында университеттің басшылығы, оның профессорлық-оқытушылық құрамы, әкімшілік-шаруашылық қызметкерлері, оқу-көмекші қызметкерлері және қызмет көрсетуші қызметкерлердің күштерін біріктіру;
- кәсіби білім беру бағдарламаларын және университет дамуының стратегиясын сәтті жүзеге асыру үшін университеттің профессорлық-оқытушылық құрамы және оқушылары үшін қажет жағдайлар жасау;
- университеттің материалдық-техникалық базасын бекіту.