Халықаралық апта: кездесулер мен жаңа әсерлер
Халықаралық апталықтың үшінші күні қонақтар университетіміздің серіктесі - Allur автомобиль зауытына экскурсия жасап, кәсіпорынның өндірістік қызметімен танысып, зауыттың әлеуеті мен ауқымына қанықты.
Түстен кейін KEnEU International Week 2026 бағдарламасы ашық дәріспен жалғасты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің криптология кафедрасының доценті, физика-математика ғылымдарының кандидаты Серж Александрович Лоренс «Каспий теңізінің түбін шекаралас мемлекеттер арасында межелеуде QGIS қолдану» тақырыбында дәріс оқыды.
Профессор Каспий теңізінің стратегиялық маңызына тоқталып, оны шекаралас мемлекеттер арасында межелеу мәселелерін түсіндірді.
- Каспий - әлемдегі ең ірі тұйық су айдыны, мұнай-газ қорлары мен биологиялық ресурстарға бай аймақ. Сондықтан теңіз түбінің шекараларын дәл анықтау геологиялық барлау, инвестиция тарту және экологиялық мониторинг үшін маңызды, - деді атап өтті өз баяндамасында Серж Лоренс.
Бүгінгі бағдарлама аясында Қостанай облысының неміс этномәдени бірлестігі өкілдері студенттермен және оқытушылармен кездесті.
Бірлестіктің бағдарламалық жетекшісі Любовь Николавна Киколенко ұйымның қызметі, жүзее асырылып жатқан жобалары, жастар мен тіл үйрену бағдарламалары туралы айтып берді. Ал тіл жұмысы жөніндегі ұйымдастырушы және әдіскер Анна Ивановна Яковенко неміс тілі курстарына қатысу мүмкіндіктерін таныстырып, шет тілдерін үйренудің маңыздылығына тоқталды.
Халықаралық апталықтың үшінші күні өндіріс орнымен танысу, ғылыми тәжірибе алмасу және қызықты кездесулермен есте қалды.
19.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей