Мықты жобалар - нақты мүмкіндіктер
ҚИнЭУ-дің мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы ұйымдастырған шеберлік сабағы өз мәресіне жетті.
Толыққанды төрт модульден тұратын оқыту бағдарламасын ҚР «Атамекен» ҰКП төралқасы жанындағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі кіші комитеттің төрағасы Александр Анатольевич Соболев жүргізді.
Осы уақыт ішінде 24 студент бизнес-жоспар құруды, қаржылық модель әзірлеуді, өз жобаларын таныстыруды және көпшілік алдында еркін сөйлеуді үйренді.
Бүгін оқытудың қорытынды кезеңінде 5 команда дайын жобаларын қорғады. Бір қызығы, қатысушылардың барлығы бірдей экономикалық бағытта білім алмайды. Олардың қатарында болашақ бухгалтерлер мен қаржыгерлермен бірге техникалық және IT мамандықтарының студенттері де бар. Соған қарамастан, олар топпен жұмыс істеп, міндеттерді бөлісіп, жобаларын сәтті қорғап шықты.
Комиссия мүшелері өзінің оң бағасын берді. Әрбір жоба тың идеялармен және жан-жақты пысықталған мазмұнымен ерекшеленді.
Төрт сабақтың нәтижесінде студенттер жаңа білім алып қана қоймай, өз идеяларын бизнес-жоба ретінде жүзеге асырудың алғашқы қадамдарын жасап көрді.
Алайда бұл бастамасы ғана. Александр Анатольевичтің айтуынша, алдағы уақытта бизнес-акселератор өткізу және инвестиция тарту бойынша арнайы оқу сабақтарын ұйымдастыру жоспарланып отыр. Бұл студенттерге өз жобаларын одан әрі дамытуға және оларды жүзеге асыруға жаңа мүмкіндік береді.
Осындай мүмкіндікті ұсынған университетіміздің серіктесі - Қостанай облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасына және тәжірибесімен, білімімен бөлісіп, студенттерге қолдау көрсеткені үшін Александр Анатольевичке алғыс білдіреміз.
18.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей