Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

KEnEU International Week 2026: Білім беру, инновациялар, жаһандық серіктестік

Қостанай инженерлік-экономикалық университеті тағы да халықаралық білім мен ғылым кеңістігінің маңызды алаңына айналды. Бүгін университетте «KEnEU International Week 2026: білім беру, инновациялар және жаһандық серіктестік»атты халықаралық апталық өз жұмысын бастады.
Биылғы кездесуге Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары, Қостанай облысының колледждері мен университеттері, шетелдік профессорлар, зерттеушілер, бизнес және өндіріс өкілдері қатысты.
Қонақтарды университетте қазақы қонақжайлықпен қарсы алды. Университет серіктестері әзірлеген ұлттық бұйымдар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі ұйымдастырылды. Ұлттық нақыштағы бұйымдар мен қолөнер туындылары шетелдік қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Халықаралық апталық ҚИнЭУ-де үшінші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Осы уақыт ішінде ол университеттің маңызды дәстүрлерінің біріне айналды. Биыл ұйымдастырушылар шараның форматын жаңартып, Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары мен сол университеттерде қызмет ететін шетелдік профессорларды да шақырды.
Салтанатты ашылу рәсімінде университет ректоры Арман Оразалиевич Исмаилов мұндай кездесулердің білім мен ғылымды дамытудағы маңызына тоқталды. Оның айтуынша, халықаралық апта әріптестермен пікір алмасуға, жаңа идеяларды талқылауға және өзара байланысты нығайтуға мүмкіндік береді.
- Бүгінде жоғары білім беру саласы ерекше қарқынмен дамып келеді. Цифрландыру, жасанды интеллект, еңбек нарығының жаңа талаптары мен жаһандық өзгерістер университеттердің алдына күрделі міндеттер қойып отыр. Осындай жағдайда біз болып жатқан өзгерістерге уақтылы әрекет етіп қана қоймай, білім берудің болашағын өзіміз қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін серіктестік, академиялық ашықтық және бір-бірімізден үйренуге дайын болу аса маңызды, - деді ректор.
Сонымен қатар Арман Исмаилов «Жаһандық білім беру кеңістігіндегі өңірлік университетті цифрландыру: ҚИнЭУ тәжірибесі мен нәтижелері» тақырыбында баяндама жасап, университеттің цифрлық трансформация бағытындағы жетістіктерімен, оқу ордамыздың миссиясымен, даму басымдықтарымен және мен алдағы кезеңге арналған стратегиялық мақсаттарымен таныстырды.
Іс-шараға Қазақстан Іскер әйелдер қауымдастығының Қостанай облысы бойынша төрайымы Гүлсара Мырзабековна Жаманкулова және «BEST KZ » білім беру және туризм орталығының құрылтайшысы Гүлмира Амангельдиевна Капенова қатысты. Олар халықаралық апталыққа екінші жыл қатарынан қатысып отырғандарын атап өтіп, осы уақыт ішінде университеттің ғылыми және инновациялық әлеуетінің артып, жаңа бағыттар бойынша дамып келе жатқанын ерекше ықыласпен жеткізді.
Халықаралық апталықтың құрметті қонақтары - Astana IT University аға оқытушысы әрі зерттеушісі, жасанды интеллект пен деректерді талдауды үйренуге арналған Datamind онлайн-платформасының негізін қалаушы Мохамед Али Ибрахим және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Серж Лоренс қатысушыларды халықаралық апталықтың ашылуымен құттықтап, мұндай кездесулердің ғылыми зерттеулерді дамытуға, тәжірибе алмасуға және академиялық ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті. Сонымен қатар жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді қолдану, оны оқыту тәжірибесіне енгізу және жаңа технологиялардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына ықпалы жөнінде пікір білдірді.

Ресми бөлімнен кейін қонақтар университеттің зертханаларын аралап, оқу үдерісінде қолданылатын жабдықтармен танысты. Теміржол қозғалысын ұйымдастыру және сұрыптау станциясының жұмысын модельдейтін оқу кешендері, сандық бағдарламалық басқару станоктары, робототехникалық жүйелер, сондай-ақ студенттердің өз қолдарымен жасаған жобалары көрсетілді. Қонақтар университеттің техникалық мүмкіндіктері мен студенттердің тәжірибелік жұмыстарына қызығушылық танытты.
KEnEU International Week 2026 апталығы алдағы күндері де жалғасады. Қатысушыларды білім беру, ғылым, инновация және халықаралық серіктестік мәселелеріне арналған кездесулер мен пікір алмасулар күтуде.
Бүгінгі күн ҚИнЭУ тарихындағы халықаралық байланыстарды нығайтып, білім мен ғылымның жаңа көкжиегін ашуға бағытталған маңызды оқиғалардың бірі ретінде есте қалмақ.

16.11.2026

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы