Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Отандық философияның терең тамыры

Бүгін әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының қауымдастырылған профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Багытжан Хамитовна Альшанова Түмен индустриалды университетінің магистранттары мен аспиранттарымен онлайн форматта кездесті.

Дәріс тақырыбы – отандық философия. Бұл - дәрістер циклі аясындағы екінші кездесу.

Дәріс барысында отандық философиялық ойдың қалыптасу тарихы, қазақ философиясының өзіндік ерекшеліктері мен көшпелілер дүниетанымы сөз болды. Багытжан Хамитовна көшпелі халықтың дүниетанымы мәдениетінде, салт-дәстүрінде және ойлау жүйесінде қалай көрініс тапқанына тоқталды.

Сонымен қатар жыраулар мұрасы мен XIX ғасырдағы қазақ ағартушыларының философиялық көзқарастарына да назар аударылды. Олардың шығармашылығы арқылы отандық философиялық ойдың қалыптасуы мен дамуын тереңірек түсінуге болады.

Дәріс онлайн форматта өткенімен, бұл мазмұнды пікір алмасуға кедергі болған жоқ.

13.11.2026

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы