Университет туралы –оқытушылардың өздерінен
Бүгін ҚИнЭУ-дің көлік және сервис кафедрасының оқытушылары Науырзым ауданына барып, мектеп оқушыларымен кездесті.
Кездесу барысында университетке түсу тәртібі, білім беру бағдарламалары және болашақ талапкерлерге ұсынылатын мүмкіндіктер туралы әңгіме өрбіді.
Әсіресе, теміржол саласына мамандар даярлау мәселесіне ерекше назар аударылды.
-Біз - теміржол саласына мамандар даярлайтын жалғыз университетпіз. Университетімізде заманауи зертханалар бар, студенттердің өндірістік тәжірибеден өтуіне де жақсы жағдай жасалған. Біздің басты ерекшеліктеріміздің бірі -осы, - деп атап өтті оқытушылар.
Сонымен қатар оқушылар «Логистика», «Көлік, көлік техникасы және технологиялары», «Аграрлық техника және технология» бағыттарымен танысты.
Осы уақытта Қамысты ауданында да кәсіптік бағдар беру кездесуі өтті. Энергетика және машина жасау кафедрасының оқытушылары қабылдау комиссиясының өкілдерімен бірге жоғары сынып оқушыларымен кездесіп, білім беру бағыттары, оқу үдерісі және ҚИнЭУ студенттеріне ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтып берді.
Мектеп бітіруге әлі уақыт бар. Дегенмен болашақ мамандықты таңдау туралы қазірден бастап ойланған дұрыс. Ал осындай кездесулер университетпен жақынырақ танысып, оқытушыларға сұрақ қойып, қажетті ақпаратты тікелей оқытушылардың өздерінен білуге мүмкіндік береді.
13.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей