Жасанды интеллект және білімнің болашағы
Бүгін KEnEU International Week халықаралық апталығы аясында Astana IT University-нің аға оқытушысы және зерттеушісі Мохамед Али Ибрагим мен Riviera International School мектебінің компьютерлік ғылымдар және цифрлық дизайн пәндерінің оқытушысы Мухаммад Али Джавед ашық дәрістер өткізді.
Екі дәріс те жасанды интеллектің дамуы, оның білім беру жүйесіне ықпалы мен жаңа технологиялар дәуіріндегі оқыту үдерісінің өзгеруіне арналды.
Мохамед Али Ибрагим «Генеративті жасанды интеллект және жоғары білімнің эволюциясы: Қазақстан үшін жаңа перспективалар» тақырыбында дәріс оқыды. Ол генеративті жасанды интеллекттің жоғары білім беру жүйесіндегі мүмкіндіктері мен трансформациялық әлеуетіне тоқталды.
Ал Мухаммад Али Джавед «Жасанды интеллект дәуіріндегі оқыту: студенттерге нені үйрету керек және олар қалай білім алуы тиіс?» тақырыбында дәріс өткізді. Дәріс барысында жасанды интеллект дәуірінде білім мазмұнын жаңарту, студенттердің жаңа дағдыларын қалыптастыру және оқыту әдістерін заман талабына сай бейімдеу мәселелері қарастырылды.
Екі дәрісте де білім беру жүйесі алдында тұрған өзекті мәселер қозғалды. Атап айтқанда, оқытушының рөлі қалай өзгеріп жатыр, жасанды интеллектке қандай міндеттерді сеніп тапсыруға болады және студенттерді жаңа технологияларды сенімді қолдануға қалай дайындау керек деген сұрақтар талқыланды.
Іс-шара аяқталғаннан кейін университеттің ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректор Нұргүл Қалиевна Удербаева мен кафедра меңгерушілері қонақтармен алдағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша келіссөздер жүргізді.
Кездесу барысында бірлескен воркшоптар, ғылыми конференциялар және басқа да академиялық іс-шараларды ұйымдастыру мүмкіндіктері қарастырылды. Тараптар білім беру мен ғылыми зерттеулер саласындағы серіктестікті одан әрі дамытуға қызығушылық білдірді.
18.11.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасындағы цифрлық инжиниринг
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей