Университетке шетел азаматтарын оқуға қабылдау
Шетел азаматтарын ақылы негізде оқуға қабылдау жоғары оқу орнының аккредитациясы болған жағдайда және қабылдау комиссиясы күнтізбелік жыл ішінде өткізетін қабылдау емтихандарының нәтижесі бойынша жүзеге асырылады.
Қабылдау емтихандары қабылдау комиссиясының төрағасы бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.
Шетел азаматтарын университетке ақылы негізде оқуға қабылдау академиялық күнтізбеге сәйкес келесі академиялық кезең басталғанға дейін 5 (бес) күн бұрын әңгімелесу нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Университеттің қабылдау комиссиясына шетел азаматтары келесі құжаттарды тапсырады:
-
білім туралы құжаттың түпнұсқасы;
-
білім туралы құжатқа қосымша/транскрипт (түпнұсқа), онда оқу пәндері мен қорытынды бағалары көрсетілуі тиіс;
-
білім туралы құжат пен қосымшасының мемлекеттік және/немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармасы;
-
білім туралы құжаттарды тану рәсіміне қабылданғаны туралы анықтама (бар болған жағдайда);
-
талапкердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі және мемлекеттік және/немесе орыс тіліне аудармасы;
-
075/у нысанындағы медициналық анықтама;
-
3x4 өлшеміндегі 6 фотосурет.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен оқуға қабылданғаннан кейін 1 (бір) академиялық кезең ішінде тану рәсімінен өтеді.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 сәуірдегі №212 бұйрығымен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына сәйкес, бұл рәсімді жүргізу үшін талапкерлер белгілі бір құжаттар пакетін ұсынуы тиіс.
Құжаттар топтамасы толық болмаған жағдайда тану және нострификациялау рәсімін жүргізу мүмкін емес.
Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау рәсіміне құжаттарды қабылдау келесі органдар арқылы жүзеге асырылады:
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитеті (Астана қ.) және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (ХҚКО).
Шетел азаматы жалған ақпарат ұсынған жағдайда, университет оның құжаттарын кері қайтарып, төленген қаражатты қайтарусыз оқудан шығару құқығына ие.
Байланыс:
Тел.: +7 (7142) 28-02-60
WhatsApp: +7-707-228-02-60
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей