Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Мүмкіндіктер көп. Әрекет ету керек!

Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде студенттік өмірін енді бастаған жастармен еркін форматтағы кездесу өтті. Университет президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов пен ректор Арман Оразалиұлы Исмаилов бірінші курс студенттерімен жүздесіп, студенттік өмірде берілетін мүмкіндіктер туралы әңгімелесті.

- Университетімізді таңдап, бізге сенім артқандарыңыз үшін рахмет. Студенттік өмірдің алғашқы күндерінен бастап оқуға жауапкершілікпен қарап, сабақтан қалмай, университет ұсынатын мүмкіндіктерді барынша пайдалануға тырысыңыздар, - деді Рихсибай Абдурахманұлы.

Ал ондай мүмкіндік аз емес.
Студенттер академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен шетелде тәжірибеден өту мүмкіндіктері туралы білді. Халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығының басшысы Әділбек Серікұлы Сулейменов пен жобалық менеджер Генри Онвуналу халықаралық бағыттағы жобалар туралы айтып берді. Жақын арада университетте «Speaking Club» ашылады. Мұнда студенттер ағылшын тілін жетілдіре алады.

Бұл жаңалыққа деген қызығушылық бірден байқалды. Сұрақтардың басым бөлігі Генриге бағытталды: Клубтың жұмысы қашан басталады? Сабақтар қалай өтеді? Оған кімдер қатыса алады?

Университет мүмкіндіктерін пайдаланып жүрген студенттер де өз тәжірибесімен бөлісті. «Туризм» білім беру бағдарламасының екінші курс студенті Дария Кабдулина АҚШ-қа жасаған сапары туралы айтып, бірінші курс студенттерін мүмкіндіктерді жіберіп алмауға шақырды.
- Бұл тәжірибе маған өте қатты ұнады! Мұндай мүмкіндікке ие болған адам жалғыз мен емес екенімді айтқым келеді. Біздің университет кез келген елге барып, тәжірибе жинауға мүмкіндік береді. Осы мақсатқа жетуге кедергі болып тұрған нәрсе - күніне бір сағат ағылшын тілін үйрену ғана, - деді Дария.

Жастардың белсенділігі кездесудің өн бойынан байқалды. Оларды сабақ кестесі, үзілістердің ұзақтығы, Міржақып Дулатов атындағы шәкіртақының тағайындалуы, сонымен қатар университеттегі түрлі бастамалар қызықтырды.

Кездесу соңында жастарға берілген ақыл-кеңес:
- Студенттік шақ қайта оралмайды. Болашақ туралы ойлануды төртінші курсқа қалдырмаңыздар. Қазірден бастап тіл үйреніңіздер, байқаулар мен жобаларға қатысыңыздар, шығармашылықпен айналысыңыздар, спортпен шұғылданыңыздар!


Бүгінгі кездесудің түйіні де осы. Мүмкіндік студенттік өмірдің кейінгі кезеңінде емес, дәл қазір бар. Ең бастысы - оны көріп, пайдалануға алғашқы қадам жасау.

 

18.09.2026

 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы