Мағынасы терең, ойлары кемел кітап
Қостанайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті қоғамға - шыншыл сөз» кітабының тұсаукесері өтті.
Іс-шараға Мемлекет басшысының кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы Отарбаев, облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Хаберұлы Нарымбетов, қазақ әдебиеті мен руханиятына елеулі үлес қосып жүрген танымал қаламгерлер, өңіріміздің зиялы қауым өкілдері, тарихшылар, әдебиеттанушылар, жоғары оқу орындардың профессорлық-оқутышылар құрамы мен жастар қатысты. Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов бастаған біздің оқу ордамыз да шақырылған қонақтардың қатарында.
Кездесу барысында жинақтың мазмұны таныстырылып, Мемлекет басшысының әр жылдары айтқан ойлары мен идеяларының қазіргі қоғамдық үдерістермен өзара сабақтастығы атап өтілді.
«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағына Мемлекет басшысының тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап баяндамаларында, мақалаларында, сұхбаттары мен кітаптарында айтылған пікірлері мен пайымдары топтастырылған. Еңбекте мемлекеттілікті нығайту, әділеттілік пен заң үстемдігін қамтамасыз ету, білім мен ғылымды дамыту, ұлттық құндылықтар, тарихи сана, мәдениет, тіл мен руханият, сондай-ақ өскелең ұрпақты тәрбиелеу сияқты маңызды тақырыптар қамтылған.
Жиын барысында дарынды әрі қоғамдық өмірге белсенді студенттерге Президенттің «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» кітабы табыс етілді. Олардың қатарында біздің студенттер – Сергей Губерт, Кира Штукарь және Тимур Есиркепов бар.
Жинақ жастар үшін де ой салатын еңбек бола алады. Себебі онда көтерілген мәселелердің басым бөлігі олардың бүгінгі өмірі мен ертеңгі болашағына тікелей қатысты. Әсіресе білім мен ғылым, ұлттық құндылықтар, тарихи сана, мәдениет, тіл мен руханият мәселелері жас ұрпақ үшін маңызды.
17.09.2026
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей