Жастармен диалог
Бүгін Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде «Толық адам» концепциясы аясында студенттермен дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Мансап және бизнес-көшбасшылық орталығы ұйымдастырды.
Кездесуге Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшылары Байболат Болатұлы Сегізбаев пен Арай Елдосқызы Исмагулова қатысты.
Дөңгелек үстел барысында студенттерге «Толық адам» концепциясының негізгі құндылықтары мен олардың болашақ маманның қалыптасуындағы маңызы түсіндірілді. Атап айтқанда, кәсіби дағдыларды дамыту, тұлғалық қасиеттерді жетілдіру, коммуникация, командалық жұмыс пен көшбасшылық қабілеттер, этика мәселелері кеңінен талқыланды.
Байболат Сегізбаев студенттерге адал еңбек ету, өз ісіне жауапкершілікпен қарау және адамгершілік қағидаларды ұстанудың маңызын атап өтті.
- Өз жұмысыңды адал жасау, ешкімнің ала жібін аттамау, жамандық жасамау – бұл құндылықтарды әрқайсың отбасыңнан, ата-аналарың мен ата-әжелеріңнен естіп өсесіңдер. Өйткені сендерге бір әулет сеніп отыр, – деді Байболат Сегізбаев.
Сонымен қатар ол Абай Құнанбайұлының адам болмысы мен мінез-құлқына қатысты ойларын мысалға келтіріп, ортаға сіңісуде адамның білімімен қатар мінезі мен мәдениетінің де маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Ал Арай Исмагулова жастардың қоғамдық өмірге белсенді араласуының маңыздылығына тоқталды. Ол студенттерге қоғамдық келісім мен азаматтық белсенділік бағытында жұмыс істейтін ұйымдар туралы ақпарат беріп, жастарды «Қоғамдық келісім» құрамындағы «Ел жастары» және басқа да қоғамдық бастамаларға қатысуға шақырды.
«Толық адам» концепциясы аясындағы мұндай кездесулер болашақ мамандардың еңбек нарығында сұранысқа ие болуына қажетті дағдыларды қалыптастырумен қатар, жауапкершілігі жоғары, белсенді әрі жан-жақты тұлға ретінде дамуына ықпал етеді.
17 қыркүйек 2026 жыл
- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей