+ 1 РhD, AI Sana және жаңа жетістіктер
+ 1 РhD, AI Sana және жаңа жетістіктер
Бүгін М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде жаңа оқу жылындағы алғашқы президенттік сағаты өтті.
Кездесу барысында қабылдау науқанының нәтижелері сараланып, университеттің білім беру бағытындағы негізгі жетістіктері талқыланды, сондай- ақ жаңа оқу жылына арналған мақсат-міндеттер мен басым бағыттар айқындалды.
ҚИнЭУ ұжымы әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Гүлмира Бутановна Сарсембаеваны халықаралық стандарттарға сәйкес «Есеп және аудит» бағыты бойынша философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесімен құттықтады. Бұл - оқытушының кәсіби дамуы ғана емес, университеттің ғылыми-білім беру әлеуетінің артып келе жатқанын көрсететін маңызды жетістік.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің «Al Sana» бағдарламасы аясындағы «Интеллектуалды технологиялар және кәсіпкерлік ойлау» курсын сәтті аяқтаған ҚИнЭУ оқытушылары арнайы сертификаттармен марапатталды. Олардың қатарында әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының меңгерушісі Татьяна Кенжебековна Острянина, цифрлық трансформация және AI департаментінің директоры Алишер Амантаевич Амантаев, энергетика және машина жасау кафедрасының аға оқытушысы Алена Сергеевна Горбенко және ақпараттық технологиялар және автоматика кафедрасының оқытушысы Данил Вадимович Иванов бар.
Президенттік сағат барысында университеттің өңірлік білім беру қауымдастығымен серіктестігі де атап өтілді. ҚИнЭУ оқытушылары мен университет серіктестері облыстық «Jana Bilim Hub» білім беру форумында белсенділік танытып, «Білім беру - кәсіптік бағдар» секциясында спикер ретінде тәжірибелерімен бөлісті. Форум аясындағы белсенді жұмысы үшін Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Ақпараттандыру және білім сапасын бағалау әдістемелік орталығы» КММ директоры Ольга Александровна Козлюк Білім басқармасы басшысының алғыс хаттарын табыстады.
Алғыс хатқа «БЕСТ KZ» туристік компаниясының жетекшісі Гүлмира Амангельдиевна Капенова, «KIA Qazagstan» ЖШС оқу орталығының бас маманы Бақытжұлдыз Успановна Елибаева, ҚИнЭУ оқытушылары Динара туленгалиевна Алдашева, Мадина Даулетжановна Мусина және Наталья Алексеевна Камышева, сондай-ақ форум модераторы - мансап және бизнес-көшбасшылық орталығының директоры Ай-Гуль Сералиевна Сегизбаева ие болды.
Әріптестерімізді жетістіктерімен құттықтаймыз! Алда - жаңа жобалар, жаңа бастамалар және жаңа биіктер!
15.09.2026




- Мамандықтар:
- - Робототехникалық жүйелер
- - Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
- - Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы (салалар бойынша)
- - Жылу энергетикасы
- - Автоматтандыру және басқару
- - Машина жасау
- - Көлік, көлік техникасы мен технологиялары
- - Электр энергетикасы
- - Логистика (салалар бойынша)
- - Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану
- - Аграрлық техника және технология
- - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету
- - Агрономия
- - Агроэкология
- - Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект
- - Менеджмент
- - Есеп және аудит
- - Қаржы
- - Экономика
- - Спорттағы Менеджмент
- - Туризм
Новости партнеров
Банк идей