Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Мертл-Бич, мұхит және мың естіліктер

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің «Туризм» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Дария Кабдулина үшін биылғы жазғы демалысы әдеттегідей өткен жоқ.

Ол Work and Travel бағдарламасы аясында АҚШ-та болды. Дарияның мұхит асып, бұл елге барудың өзі де кездейсоқ емес. Болашақ мамандығы туризм саласымен байланысты болғандықтан, саяхаттау, шет тілдерін үйрену және түрлі елдердің мәдениетімен танысу - оның бұрыннан қызығушылық танытатын бағыттары.

Мамыр айынан тамыздың соңына дейін Дария Оңтүстік Каролина штатындағы Мертл-Бич қаласында тұрды. Америкаға алғаш келген сәттегі әсерін ол фильм көріністерімен салыстырады. Жолдар, ғимараттар, дүкендер, адамдар, тіл, тіпті күнделікті тұрмыстағы қарапайым дүниелердің өзі оған өзгеше көрінген.

Дарияның негізгі жұмыс орны NY Pizza Kitchen Bar & Grill мейрамханасы болды. Мұнда ол даяшы болып еңбек етті. Алғашқы апталарда ол өзін басқа салаларда да сынап көрді: дүкенде кеңесші, мейрамханада хостес болып жұмыс істеді, тіпті бір күн аспаз болып та еңбек етті. Алайда соңында даяшы қызметіне тоқтап, толық жұмыс уақытымен еңбек етуді таңдады.

Бұл жұмыс Дария үшін адамдармен қарым-қатынас жасаудың нағыз мектебіне айналды. Ол күн сайын америкалық клиенттермен сөйлесіп, жергілікті сленгке және ауызекі сөйлеу ерекшеліктеріне бейімделді.
- Ағылшын тілім әлдеқайда жақсарды. Күн сайын америкалықтармен сөйлестім және әртүрлі жағдайда клиенттермен кәсіби қарым-қатынас жасауды үйрендім, - дейді Дария.

Дария мен достары бос уақыттарын да тиімді пайдалануға тырысты. Олар тұрған үйдің ауласында бассейн болды, ал мұхит небәрі бес минуттық жерде орналасқан. Сондықтан жұмысқа дейін де жағажайға барып, суға түсіп үлгеретін кездері болған. Сапар барысында жастар Орландоға барып, Universal Studios саябағын аралады. Ал сапар соңында үш-төрт күнін Майамида өткізді. Әсіресе осы жерлерден алған әсері ерекше.

Дегенмен Дария үшін бұл сапардың басты нәтижесі - барған жерлері мен жинаған әсерлері ғана емес. Төрт айға жуық уақыт ішінде ол өз бетімен шешім қабылдауға, қиын жағдайларда сабыр сақтауға және кез келген мәселенің шешімін табуға үйренді. Сонымен қатар адамдармен жұмыс істеу тәжірибесін жинап, ағылшын тіліндегі ауызекі сөйлеу дағдысын айтарлықтай жетілдірді. АҚШ-та өткізген уақыты оған әртүрлі елдерден жаңа достар табуға да мүмкіндік берді.

- Жаңа нәрсені байқап көруден қорықпау керек. Мұндай тәжірибе адамды қатты өзгертеді, тұлға ретінде өсуге көмектеседі. Меніңше, әр саяхаттан кейін біз аз да болса өзгеріп ораламыз. Жаңа көзқарас, білім және естеліктер жинаймыз, - дейді ол.

9 қыркүйек 2026 жыл 

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы