ҚИнЭУ жарқын әсер қалдырды
№6 жалпы білім беретін мектебінің жоғары сынып оқушылары ҚИнЭУ-де энергетика және машина құрылысы кафедрасының апталығы аясында қонақта болды.
Іс-шара барысында оқушылар университеттің көптеген зертханаларымен танысты. Әсіресе, олар робототехникалық жүйелер зертханасында кездескен Промо роботының жұмысын үлкен қызығушылықпен тамашалады. Бұл ақылды робот оқушылардың ойынан шыққан сандарын есептеп қана қоймай, оларға би де билеп берді.
Одан кейін, балалар технологиялық процестерді модельдеу зертханасына барып, студенттердің жұмыс істейтін сандық бағдарламалар арқылы басқарылатын станоктарды көрді. Бұл жабдықтар арқылы жасалатын әртүрлі өнімдерді тамашалап, заманауи өндіріс процесі туралы қызықты мәліметтер алды.
Барлық зертханаларды аралап болған соң, оқушыларды «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалды ойыны күтіп тұрды. Оларға қарсы профессор-оқытушылар құрамы ойнады. Бұл ойынның сұрақтары өте қиын, әрі қызықты болды.
Тартысты бәсекеде оқушыларжеңімпаз атанды. Оқытушылардың шешімімен ең үздік, әрі тапқыр балаға - Митио Какуның кітабі сыйға тартылды. Оқушыларда ҚИнЭУ туралы жарқын әсерлер қалыптасты.
Комментарии