«Аян озат» ЖШС
ҚИнЭУ президенті бастаған басшылық «Аян озат» ЖШС кәсіпорнына барды.Қостанай облысындағы шұжық өнімдерін, ет деликатестерін өндіру бойынша кәсіпорын бүгінгі таңда жақсы қарқын алуда. Экскурсия барысында университет өкілдері өндірістің жұмысы мен жаңа технологиялармен жабдықталған ішкі бөлімдеріне шолу жасады. «Аян озат» ЖШС мен М.Дулатов атындағы ҚИнЭУ арасында кадрлар даярлауға жәрдемдесу саласындағы өзара қызығушылықты көрсететін ынтымақтастық туралы Меморандум жасалды.
Ынтымақтастық салаларына ғылыми-инновациялық, білім беру және мәдени іс-шаралар кіреді.
XXI ғасырда мамандарды даярлай отырып, түлектердің әлеуетті жұмыс берушілерімен тұрақты байланыста болу-объективті қажеттілік. Біздің серіктестігіміздің мақсаты-бизнес, білім және ғылым мүдделерінің үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Комментарии