Ғылым мен инновациялар
18 желтоқсанда ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедовтың, Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының басшысы Ренат Болатұлы Даулетпаевтың, «Ауыл» партиясы» Қостанай өңірлік филиалының төрағасы Нуркелген Абдрашұлы Утеулиннің және Қостанай облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Назарбек Нагашбайұлы Қонқабаевтың, облысымыздың кәсіпорындары өкілдерінің, университет ғалымдарының қатысуымен «Тұрақты даму саласындағы университеттер мен кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықтың инновациялық тәсілдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара аясында университетіміздің ғылым және инновация жөніндегі проректоры бірнеше маңызды баяндамалар жасады.
Пайдалы модельдерге патент алу үшін құжаттарды дайындау – ғалымдарымызға өз зерттеулерін қорғауға және оларды жаңа деңгейге көтеруге көмектесетін негізгі тақырып.
Әр кафедра өздерінің әртүрлі салалардағы: ауыл шаруашылығында, экономикада, машина жасауда жеткен жетістіктерімен бөлісті.
Мысалы, энергетика және машина жасау кафедрасы 3D принтерінде бөлшектер жасау технологияларын көрсетті, бұл өндірістегі инновациялық тәсілді айқындап тұр.
Дөңгелек үстел ғылым, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың маңызды қадамы болып, Қостанай облысында инновациялық жобаларды жүзеге асыру үшін жаңа мүмкіндіктер ашты.
Комментарии