Мансап бүгін басталады!
Мансап бүгін басталады!
ҚИнЭУ-дің мансап және бизнес көшбасшылық орталығы студенттер мен жұмыс берушілер үшін дөңгелек үстел ұйымдастырды. Екі тараптың диалогы ашық әрі пайдалы болды.
Кездесуге «Жемчужина Стомед» медициналық орталығының HR бөлімінің басшысы Сауле Кайрбековна Кунакбаева, қаржылық- экономикалық бөлімінің басшысы Татьяна Вячеславовна Русанова және коммерциялық бөлімінің басшысы Александр Владимирович Гарась қатысты.
Жұмыс берушілер болашақ мамандардың теориялық базасы маңызды екенін атап өтті. «Жемчужина Стомед» медициналық орталығының өкілдері жылдар бойы қалыптасқан өз тәжірибесімен бөлісті. Егер университетті 10 жыл бұрын аяқтаған маман мен оқу орынды жаңа ғана тәмәмдаған түлек арасында таңдау жасау керек болса, олар теориялық базасы әлі ескірмеген түлекті жұмысқа алатынын тілге тиек етті.
Дегенмен, жұмыс берушілер кәсіби білімнен бөлек, командада жұмыс істей алатын, қарым-қатынас жасай алатын және тез бейімделу сияқты жеке қасиеттерді де бағалайтынын айтты.
Студенттер сондай-ақ ҚИнЭУ Мансап және бизнес көшбасшылық орталығы ұйымдастырған мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің мемлекеттік қызмет басқармасымен кездесуіне қатысты.
Департаменттің бас маманы Құралай Дәуренбекқызы Кабдулова жас мамандарды мемлекеттік қызметке даярлаудың өзекті мәселеріне тоқталды. Мемлекеттік қызметке кіру үдерісіне, кәсіби табысты жүзеге асыру үшін қажетті құзыреттерге, сондай-ақ мемлекеттік органдарында мансапты бастау үшін жасалуы тиіс қадамдарға ерекше назар аударылды.
Бұл студенттерге мемлекеттік қызмет туралы маңызды ақпарат алу және сол салада мансап құру жолдарын түсіну үшін тамаша мүмкіндік болды.
Студенттердің білім, жеке қасиеттер мен жаңа көзқарас — қазіргі еңбек нарығында жоғары бағаланатын қасиеттер екеніне көздері жетті.
Комментарии