Ғажайып ертегідей
Бүгін ҚИнЭУ-де университет және колледж оқытушылары мен қызметкерлері балалары үшін ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедовтың жаңа жылдық шыршасы өтті.
Мерекелік ертеңгілікте Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов балақайларды жаңа жылмен құттықтап, жаңа жылда армандардың орындалуын тіледі.
Аяз ата мен Ақшақар балаларды ерекше ғажайыпқа толы әлемге ертіп, көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады. Олар балаларға қызықты жарыстар, би мен ойындар дайындап келіпті. Балақайлар көңілді ойындарға қуана қатысты. Әрине, тосынсыйлар, тәтті сыйлықтар мен аниматорлар да болды.
Мереке өте қызықты әрі қуанышты өтті. Бұл шырша әрбір балақайдың жүрегінде қалатыны сөзсіз.
Комментарии