«Мисс ҚИнЭУ-2024» - Софья Мамедова!
ҚИнЭУ-де ең сұлу әрі талантты студент анықталды. Бұл атақ үшін алты үміткер бақ сынасты: Полина Чайкина, Айым Масшанова, Сабина Кулдашова, Мадинабону Набиева, Шолпан Ермаханқызы, Софья Мамедова.
Байқау басталмас бұрын сахна сыртында толқу және бәсекелестік сезім, әр қатысушының жеңіске деген сенімі сезілді.
ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов, университет ректоры Арман Оразалиұлы Исмаилов, кафедра оқытушылары, «Мисс КИнЭУ-2023» Арайлым Сәлімжанова қатысушыларды қолдап келді. Студенттер жатақханасының өкілдері, топтастары мен достары қатысушылардың жеңісіне сенім артып, барынша қолдау көрсетті.
Байқаудың бір кезеңінде әрбір қатысушымен бірге бір күн өткізген Қостанай облысының іскер, бизнес әйелдері -Динара Ахметова, Наталья Рамазанова, Гүлнұр Какымбек, Ульяна Гуляева, Карлыға Умарова, Сауле Байменова маңызды күні қыздардың қасынан табылды.
Бұл қолдау әрбір қатысушыға күш-қуат беріп, қорқынышты жеңіп, байқаудың әр кезеңінде барынша жақсы нәтиже көрсетуге шабыттандырды.
ҚИнЭУ Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып, финалға жеткен қатысушыларды құттықтап, бұл іс-шараның біздің университетімізде жылдар бойы өткізіліп келе жатқан, тәрбиелік мәні зор дәстүрлі іс-шара екенін атап өтті.
Биылғы қазылар алқасының құрамына ҚИнЭУ маркетинг және коммуникациялар бөлімінің басшысы Жалғасбек Шокенов, «Фокус» модельдік агенттігінің аймақтық директоры Регина Искакова, қазақстандық «Асыл мұра» бренді мен «ФэшнКомьюнити» жобасының негізін қалаушы Фариза Сейілхан, танымал зооерікті, облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Анастасия Серикова, шетелдік модельдік агенттіктің моделі, хореограф-койылым қоюшы Валерия-Карелия Аубакирова кірді.
Байқауда әр қатысушы өз өнерін көрсету үшін көп дайындалды. Әр түрлі би мен әндер, терең мазмұнды көріністер көрермендердің жүрегін елжіретті. Бұл шара бәсекелестікпен қатар, достық пен бірлікті, қуаныш пен көтеріңкі көңіл-күйді сыйлады.
Қыздар кешкі көйлектер киіп, өздерінің нәзіктігін, әдемілігін көрсетіп, көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Әрқайсысы өзіндік стилімен ерекшеленді, бірақ бір қатысушы ғана әділ қазылар алқасының жүрегін жаулап алды.
Сабина Кулдашова «Мисс Очарование» номинациясында, Софья Мамедова «Мисс Грация» номинациясында марапатталды. «Мисс Нежность» атағы Полина Чайкинаға берілді, «Мисс Креатив» номинациясын Айым Масшанова жеңіп алды. Шолпан Ермаханқызы екі номинацияда марапатталды. Ол студенттер арасында өткізілген дауыс беруде ең көп дауыс жинап, «Мисс Студенттік симпатия» және «Мисс Шарм» атақтарына ие болды. «Вице Мисс ҚИнЭУ-2024» атағын Мадинабону Набиева иеленді. Ал «Мисс ҚИнЭУ-2024» атағы және тәж - ең сұлу, ең шығармашыл Софья Мамедоваға бұйырды.
Әр қатысушыға байқау демеушілерінің атынан сертификаттар мен сыйлықтар табысталды. Мадинабону мен Софья келесі жылы Қостанайда өтетін «Костанай Аруы» байқауына шақырту алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл байқауға қатысқан әрбір қыздың сахнаға шығып, өз өнерін көрсетудің өзі – үлкен жеңіс.
«Мисс ҚИнЭУ – 2024» байқауы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қостанай облысының жастар ресурстық орталығының қолдауымен өтті, сондай-ақ ұйымдастырушыларды «Raimshow» компаниясы, видеограф Амангелді Тельманов, Абзал Самидоссов «А17», фотостудиясы, фотограф Абай Төлегенов, хореограф-қойылым-қоюшы Валерия-Карелия Абдулова, «Фокус» модель агенттігі, «РУШ» бренді мен дизайнер Тимур Руш, Татьяна «Сұлулық және массаж салоны», «Мята KST», гүлдер салоны, «nata.mua.kst» визажист салоны, «English zone» ағылшын тілі мектебі қолдады.
«Мисс КИнЭУ – 2024» байқауы тек сұлулық пен таланттың мерекесі ғана емес, сонымен қатар университетіміздің студенттік бірлігінің көрінісі болды.
Комментарии