Жұмыс сапармен
Қостанай облысына жұмыс сапарымен «Ауыл» партиясының мүшесі, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы отбасы-демографиялық саясат комитетінің мүшесі Әбден Каракат Жақсылыққызы келді. Сапар барысында ол біздің университетімізде аграрлық және инженерлік-техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлау барысымен танысты.
Біздің өңір аграрлық бағытпен танымал, әрі машина жасау саласында белсенді дамып келеді. Әбден Каракат Жақсылыққызы оқу зертханаларына және оқу корпустарына барып, білім сапасы мен студенттерді даярлау жағдайына оң бағасын берді.
Сонымен қатар, Мәжіліс депутаты ҚИнЭУ және кәсіпкерлік колледжінің белсенді студенттерімен және профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесті.
Комментарии