Ауыл тұрғындарына арналған жобалар
Бүгін ҚИнЭУ-де «Ауыл» партиясының орталық аппаратының ақпараттық-талдау бөлімінің бас сарапшысы Бағдат Қадировпен кездесу өтті. Ол партия жобаларының нәтижелерімен бөлісіп, олардың ішінде өткен жылы Ақмола облысында сәтті жүзеге асырылған қаз өсіру жобасына ерекше тоқталды. Осы жоба аясында ауыл тұрғындарына бордақыланған қаздар мен жемдер таратылды.
«Қаз хабы» жобасының мақсаты — ауыл тұрғындарына су құстарын өсіру технологиясын үйрету, олардың табысын арттыру және болашақта кооперациялар құру. Бағдат Қадиров сондай-ақ «Ауыл» партиясы жүзеге асырған басқа да табысты жобалар туралы айтып, олар ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және шаруашылықтарын дамытуға қалай көмек көрсеткенін баяндады.
Комментарии