Қаржылық сауаттылықты арттыруда
Бірінші семестрде біздің университетте барлық дайындық бағыттары бойынша қаржылық сауаттылық негіздері курсы енгізілді. Бұл курс «Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасының аясында жүзеге асырылуда, оның мақсаты — халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру және кредиттік жүктемені азайту.
Бүгін оқытушылар мен университет қызметкерлері курсқа қатысты. Алғашқы дәріс сақтандыру және сақтандыру тәуекелдерін басқаруға арналды. Дәріс спикері — «Халық Life» АҚ сертификатталған сақтандыру агенті — Галина Геннадьевна Рыльская. Ол қаржылық сақтандырудың маңызды екеніне тоқталып, өзіңді және жақындарыңды қаржылай қорғау қажеттілігін ерекше атап өтті.
Оқу курсына қаржы саласындағы әртүрлі мамандар шақырылады. Курс лекцияларына қатысып, соңында тест тапсырған тыңдармандарға сертификаттар табысталады.
Комментарии