Серіктестікті дамыту үшін белсенді жұмыс істеуге дайынбыз
Бүгін Костанай облысының Қазақстан халқы Ассамблеясының, ҚИнЭУ Мансап орталығы мен жастар саясаты Департаменті өкілдерінің бірлескен отырысы өтті.
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының талдау, мониторинг және консультативті-кеңесші органдармен жұмыс жүргізу бөлімінің басшысы, «Аналар кеңесінің» кураторы Жадыра Жұмасұлтанова, бас сарапшы, «Ақсақалдар кеңесінің» кураторы Айбек Танатбаев, ҚИнЭУ Мансап орталығының басшысы Айгүл Сералиевна Сегізбаева алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын талқылады.
Кездесу барысында бірнеше маңызды мәселелер көтеріліп, барлық тараптардың, оның ішінде ҚИнЭУ өкілдерінің қатысуымен бірлескен іс-шаралар жоспары дайындалатын болады. Біз серіктестікті дамыту үшін белсенді жұмыс істейтін боламыз.
Комментарии