«Қаржылық сауаттылық» курсы: сәтті аяқталды
Бүгін, курстың бесінші күні тыңдаушылар банктік қызметтер мен банктік өнімдермен танысты. Бұл туралы «Банк Центр Кредит» АҚ Қостанай қаласындағы филиалының директоры Серік Қарғабаевич Таукеев айтып берді.
ҚИнЭУ ректоры Арман Оразалиевич Исмаилов курс пайдалы, әрі мазмұнды болғанын атап өтіп, курсты ұйымдастырушы - оқытушы Надежда Ивановна Росенкоға алғысын білдірді. Өз кезегінде Надежда Ивановна осы курсты ұйымдастыруға үлкен үлес қосқан оқу бөліміне алғыс айтты.
Бүгін сондай-ақ курстың белсенді қатысушылары сертификаттармен марапатталды. Олардың ішінде: бірде-бір сабақтан қалмай, тақырыптарға қызығушылық танытып, лекторларға сұрақтар қойған Жеңіс-Нұры Мурзатаевич Кужекеев, Карина Темировна Аймуханова және Қуат Маратович Жунусов.
Қурсқа қатысқан барлық тыңдармандарға тест тапсырғаннан кейін сертификаттар табысталады.
Комментарии