ҚИнЭУ-де «Агроэкология» біліктілікті арттыру курстары басталды
Курсты ұйымдастырушылардың айтуынша, курсқа бірінші күннен-ақ 50-ден астам адам тіркелген. Олардың арасында «Атамекен- Агро» АҚ, республикалық ғылыми-әдістемелік агрохимиялық қызмет орталығы, «Заречный» ауыл-шаруашылық тәжірибелік станциясы, «Регион -Защита» ЖШС, «Агроинновация» ҰӨО, Карабалық АШТС, шаруашылықтар және Қостанай өңірлік университетінің профессорлық-оқытушылық құрамы бар.
Халықаралық ынтымақтастық және жобаларды енгізу орталығының басшысы Жанат Галимжановна Джабасова өзінің сөзінде курстың Erasmus+ «Қазақстанда AGROKAZ дуалды білім беру жүйесімен агроэкология бойынша бакалавриат бағдарламасын дамыту» жобасы аясында әзірленгенін атап өтті. Бұл курс жобаның бір бөлігі болып табылады Жоба Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындары — Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті, Торайғыров университеті, сондай-ақ Сербияның Нови Сад университеті, Йосип Юрай Штросмайер атындағы Осиек университеті және Фракиядағы Демокрит университетімен серіктестігі арқасында әзірленген.
Курс ұйымдастырушысы Гайния Қалимжановна Есеева, курс экологиялық ауыл шаруашылығын енгізуге қажетті білім мен дағдыларды беру мақсатын көздейтінін айтты. Бағдарлама агроэкология мен ауыл шаруашылығын «экологизациялау», тыңайтқыштар мен пестицидтерді қолданудың экологиялық мәселелері, агрометеорология, бейімделген егіншілік және басқа да маңызды тақырыптардан тұрады.
Курс 5 күнге созылып, тыңдаушыларға агроэкология саласында терең білім мен жаңа дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.
Комментарии