ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ КОЛЛЕДЖДЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ
Бүгін, 17 қаңтарда ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінде Қостанай облысы колледждерінің Директорлар кеңесі өтті. Мұндай кеңестер - қалалық және ауылдық колледждерге тәжірибе алмасудың тамаша мүмкіндігі Директорлар кеңесінің төрағасы Серікбай Қамзович Қадыров директорлар кеңесінің негізгі мақсаттары мен міндеттерін атап өтіп, білім беру мекемелерінің өзара іс-қимылының маңыздылығына және олардың өңірді дамытудағы рөліне назар аударды.
Аталған іс-шараны ҚИнЭУ кәсіпкерлік колледжінің Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов және Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Ардақ Құрмашұлы Бегатаров ашты. Колледж директоры Анатолий Иванович Казаков құттықтау сөз сөйледі.
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасары Евгений Олегович Холин өз сөзінде кәсіби даярлыққа қойылатын заманауи талаптар контекстінде студенттердің тәжірибелік дағдыларын дамытуға ықпал ететін оқыту әдістері мен тәсілдерін атап өтті. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жанат Маратұлы Тшанов өз баяндамасында білім беру процесінде ұлттық құндылықтарды интеграциялаудың маңыздылығына және олардың үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеудегі рөліне баса назар аударды.
Директордың оқу-өндірістік жұмыс жөніндегі орынбасары Виталий Анатольевич Собарь колледжде дуальды оқытуды енгізу тәжірибесімен, оның артықшылықтары мен білім беру процесінің сапасына, сондай-ақ ҚТЖ ҰК АҚ-мен әлеуметтік әріптес Жаслан Батырханұлы Төрежанов болашақ мамандарды даярлауға әсерімен бөлісті.
Комментарии