Білім беру бағдарламаларын дамыту: өзгерістер мен жаңашылдықтар
Энергетика және машина жасау кафедрасында 6В07110 Электроэнергетика, 6В07109 Теплоэнергетика, 6В07111 Машина жасау оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі академиялық комитеттің отырысы өтті.
Отырыста 2025-2026 оқу жылына арналған дипломдық жобалардың тақырыбы, білім беру бағдарламаларына енгізілетін өзгерістер және оқу жоспарларының (силлабустардың) мазмұны талқыланды.
Отырысқа профессолық-оқытушылар құрамынан және білім алушылардан басқа, білім беру бағдарламаларын әзірлеушілер мен сарапшылар тобына кіретін Қостанай жылуэнергетикалық компаниясы, «CASPIAN STEEL QZ» ЖШС, ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау комитетінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаменті, «KEGOC» АҚ, «Сарбай МЭС» сияқты жұмыс берушілер де қатысты.
Оқу бағдарламаларын әзірлеу жөніндегі академиялық комитет жыл сайын еңбек нарығындағы өзгерістерге байланысты, студенттер мен оқытушылардың өтініштері бойынша оқу жоспарларының, модульдік білім беру бағдарламаларының, жұмыс оқу бағдарламаларының мазмұнын қайта қарап отырады. Сауалнамалар мен бірлескен отырыстардың нәтижелерін талдау 2025-2026 оқу жылына арналған оқу бағдарламаларының мазмұнын және формасын өзгерту жөнінде тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Талқыланған негізгі мәселелер барысында кәсіпорындармен тығыз ынтымақтастықты одан әрі дамытуға да назар аударылды.
Комментарии