Мадинабону Набиева: «Ассамблея өмірімнің ажырамас бөлігіне айналды»
ҚИнЭУ-ның бірінші курс студенті Мадинабону Набиева «Qostanaі» телеарнасының «Ел мүддесі» бағдарламасында қонақ болды. Бағдарлама Қазақстан халқы Ассамблеясының 30- жылдығына арналды.
Өзбек этно-мәдени қауымдастығының мүшесі, ҚИнЭУ-дың Жастар ассамблеясының мүшесі Мадинабону Түркістан облысында өзбек, одан кейін қазақ мектептерінде білім алған. Бүгінгі таңда Қостанайға университетіміздің білім грантын жеңіп алып, арманын жүзеге асыру үшін келген.
Ол сұқбат барысында қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін ерекше атап өтті және қазақ және өзбек халықтарының дәстүрлерінің ұқсастығына тоқталды.
Сонымен қатар Мадинабону университетімізде Ассамблеяның арнайы кабинеті бар екенін және жастар үшін бұл ұйымның маңызы зор екенін атап өтті.
Мадинабону Қазақстан халқы Ассамблеясынын қатарына 9-шы сыныпта қосылған, бүгінгі таңда Ассамблея оның өмірінің ажырамас бөлігіне айналғанын жеткізді.
https://www.instagram.com/reel/DFU8jx8NtGE/?igsh=MXV1Z2l5aWhpMHFhcQ==
Комментарии