Версия для слабовидящих

ДС - ЖМ 9:00 -18:00

Қабылдау комиссиясы + 7 (7142) 28-02-60

Ректорат + 7 (7142) 28-01-59

Open menu

Қаржылық сауаттылық-тұрақты болашақтың кілті!

Қазіргі таңда қаржы қызметтерінің қарқынды дамуының, сауда саласының онлайн-форматқа көшуінің және инновациялық цифрлық технологиялардың пайда болуының жағдайында қаржылық сауаттылық мәселелері ерекше өзекті болып отыр. Жеке қаржыны басқара білу, банктік өнімдерді, сақтандыруды, салық салуды және алаяқтықтан қалай қорғану керектігін білу – бұл пайдалы дағды ғана емес, әр адамның қаржылық қауіпсіздігінің маңызды құрамдас бөлігі.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, қаржылық сауаттылықты арттыру Тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде 72 сағат көлемінде "Қаржылық сауаттылық" біліктілікті арттыру курсы өткізілді.

Курс тыңдаушыларының жалпы саны - университет қызметкерлерінің барлық санаттарынан 205 адам. Ұйымдастырушы - әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасының аға оқытушысы Росенко Надежда Ивановна.

Курс жеке қаржыны басқару және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету дағдыларын дамытуға бағытталған негізгі тақырыптарды қамтитын бекітілген бағдарламаға сәйкес өткізілді:

- Қаржылық сауаттылық және әлеуметтік жауапкершілік

-Сақтандыру және тәуекелдерді басқару

-Зейнетақылық  жоспарлау

-Қаржылық сауаттылықтың құқықтық аспектілері

- Қаржылық алаяқтық

-Банк қызметтері және банк өнімдері

- Салықтар және салықтық жоспарлау

Қолданбалы оқыту ортасын құру мақсатында курстарды өткізу үшін қаржы, құқық және қауіпсіздік саласының жетекші мамандары шақырылды:

Рыльская Галина Геннадьевна – "Халық Life"  АҚ сертификатталған сақтандыру агенті.

Жақыпова Айнура Ұлықпанкәлімқызы – "БЖЗҚ"АҚ Қостанай облыстық филиалының көшпелі қызмет көрсету бөлімінің жетекші маманы.

Макубаева Гүлвира Әбілқайырқызы - "Фемида+" тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы " ҚБ төрағасы, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қылмыстық және азаматтық құқық және процесс кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі.

Қазыбаев Ержан Кенжеғалиұлы – "Қостанай облысы полиция департаментінің Қостанай қаласының полиция басқармасы" ММ аға лейтенанты.

Боханов Даниил Викторович – "Қостанай облысы полиция департаментінің Қостанай қаласының полиция басқармасы " ММ аға лейтенанты.

Таукебаев Серік Қарғабайұлы – "Банк Центр Кредит" АҚ Қостанай қаласындағы филиалының директоры.

Курс тыңдаушыларының білім деңгейін бағалау үшін кіріс және қорытынды тестілеу өткізілді, бұл қаржылық сауаттылықтың бастапқы деңгейін анықтауға, сондай-ақ оқу барысында алған білімдері мен дағдыларын көруге  мүмкіндік берді.

Барлық спикерлер мен қатысушыларға белсенді қатысқандары үшін алғыс білдереміз!

Комментарии

Пікір

Студенттердің пікірі

Масшанова Айым | Көлік және сервис кафедрасы
Масшанова Айым Көлік және сервис кафедрасы
Есиркепов Тимур | Көлік және сервис каферасы
Есиркепов Тимур Көлік және сервис каферасы
Толегенова Жасмин | Көлік және сервис кафедрасы
Толегенова Жасмин Көлік және сервис кафедрасы
Болат Жалгас |  Әлеуметтік-экономикалық  пәндер кафедрасы
Болат Жалгас Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория |  Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Масько Виктория Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Даулетназарова Аружан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Салимжан Ерсултан Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения | Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Яркова Евгения Әлеуметтік-экономикалық пәндер кафедрасы
Набиева Мадинабону | Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы
Набиева Мадинабону Стандартизация және тағам технологиясы кафедрасы