ҚИнЭУ Президенті Кубогы-2025: волейболшыларды біріктірген турнир
Бүгін, 2025 жылдың 22 ақпанында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде волейболдан «ҚИнЭУ Президенті Кубогы-2025» турнирі басталды. Бұл маңызды іс-шара қала мен ауыл мектептерінің жоғары сынып оқушыларын бір спорттық алаңда тоғыстырды.
КИнЭУ Президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов жарысқа қатысушыларды құттықтап, оларға спорттық жолда сәттілік пен жеңіс тілеп, өз сөзінде мұндай іс-шаралардың жастарды дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыруда маңызды екенін атап өтті. Сонымен қатар, Президент бұл турнирдің жыл сайын ұйымдастырылып, мектеп оқушыларды біріктіретін жақсы дәстүрге айналатынына сенім білдірді.
Турнирге Садчиковка, Айсары, Заречный, Владимировка, Мендіқара ауданының Боровское ауылы мен Қостанай қаласынан- барлығы 12 мектеп қатысуға ниет білдірген. Олар ҚИнЭУ Президенті кубогы үшін күресуге дайындалып келген. Алаңда көптеген көрермендер мен жанкүйерлер өз сүйікті командаларын қолдап, оларға күш-жігер беріп отырды. Қатысушылар болса бүкіл ынта мен жеңіске деген құштарлықпен жарыс додасына кірісіп кетті.
«ҚИнЭУ Президенті Кубогы» турнирі — бұл тек спорттық дарындылықты қолдау ғана емес, сонымен қатар болашақ талапкерлерге университетіміздің атмосферасын сезінуге, оқу орынның өмірі және дәстүрлерімен танысуға мүмкіндік беретін маңызды оқиға.
https://www.instagram.com/reel/DGYcIixtHSZ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Комментарии