Психологиялық әл-ауқат шеберлік сабағы
«Психология. Мәдениеттану» пәндері аясында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде шеберлік сабағы өтті. Тақырып- «Психологиялық әл-ауқат және өмірдегі қиындықтарды жеңу». Іс-шараға қатысушылар психоэмоционалды денсаулықты сақтаудың негізгі тәсілдерімен және қиын сәттердегі өмірлік жағдайларды жеңудің тиімді әдістерімен танысты. Кездесуге шақырылған қонақ - педагог-психолог, педагогика ғылымдарының магистрі, Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұлттық жаттықтырушы-практикі Аида Буранбайқызы Исиргепова өзінің білімі мен тәжірибесімен бөлісті. Іс-шараны “Әлеуметтік-экономикалық пәндер” кафедрасының аға оқытушысы, магистрі Тәттігүл Дүйсенбайқызы Жұрмағанбетова ұйымдастырды. Іс-шара барысында студенттер психологиялық әл-ауқаттың әртүрлі аспектілерін талқылады, стрессті жеңу және эмоционалды денсаулықты сақтау үшін пайдалы ұсыныстар мен практикалық құралдар алды.
Комментарии