“Міржақып” трагедиясын тамашаладық
Бүгін, 2025 жылдың 28 ақпанында біздің студенттер мен оқытушылар, ҚИнЭУ президенті Рихсибай Абдурахманұлы Мамедов Ілияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрына барып, «Міржақып» трагедиясын тамашалады. Көрермендер қатарында облыс әкімі Құмар Ақсақалов, аға буын және шығармашыл интеллигенция өкілдері де болды. Спектакльде қазақтың ұлы тұлғасы Міржақып Дулатұлының тағдыры терең суреттеліп, оның ел-жұртының болашағы үшін күрескені, жан күйзелісі, рухани азабы жан-жақты ашылды. Ел-жұртының тағдыры үшін басын бәйгеге тіккен, жаны күйзелген, ештеңеге де самарқау қарай алмайтын, біресе ақындық мінезбен алабұртып жыр оқып, біресе үлкен тұлғаның көреген санасымен көсем сөз төгілткен Міржақыптың жанды бейнесі көрермендің жүрегін қозғап, қол соғуға себеп болды. Әр сөзінде халықтың тағдыры мен болашағы үшін күйінген ақынның мінезі мен қайсар рухы көрермендерге ұмытылмас әсер қалдырды.
Комментарии