Ұлттық құндылықтарымызды насихаттап
Бүгін, 2025 жылдың 28 ақпанында Қостанай инженерлік-экономикалық университетінде мемлекеттік тіл апталығы аясында қазақтың бай да асыл салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары кеңінен таныстырылды.
Энергетика және машина құрастыру кафедрасы ұсынған «Тұсау кесу» рәсімі қазақтың терең мәнге ие дәстүрлерінің бірі. Тұсау кесу – баланың алғашқы қадамын білдіріп, жаңа өмірге қадам басқанын айғақтайды. Іс-шараға арнайы шақыртылған университетіміздің ақсақалы, профессор Жеңіс-Нұры Мурзатаевич Кужекеев тұсау кесу рәсімін абыроймен орындап, жастарға өнеге көрсетті.
Қазақтың ұлттық спорт түрлерінің бірі - садақ ату өзіне ерекше назар аударды. «Агрономия» оқу бағдарламасының студенті Кенже Атамбозова өз өнерін паш етіп, дайындықсыз-ақ нысананы дәл көздеп, тамаша нәтиже көрсетті. Жас спортшының садақ ату өнерін жаңадан үйреніп келе жатқанына қарамастан, отырғандардың барлығын таң қалдырды.
Ал, ҚИнЭУ жастар саясаты департаментінің басшысы Жанар Сеильхановна Нургазина қазақ қыздарымен байланысты ғажап дәстүрлерін кеңінен таныстырып, әрбірінің терең мағыналарына тоқталды. Ол сынсу — қыз баланың үйінен узатылып шыққанда орындалатын әсем әні, қыз ұзату — қызды ұзатудағы салт-дәстүр, беташар — жаңа келіннің үйіне келгенде жасалатын әдет-ғұрыптар жайында айтып берді. Сондай-ақ, құрсақ шашу — жүкті әйелге арналып жасалатын салт, қырқынан шығару мен бесікке салу — жаңа туған баланың дүниеге келуімен байланысты дәстүрлерін де ерекше атап өтті.
Әрбір дәстүр, әрбір рәсім, халықтың шежіресі мен болмысын айшықтайтын құндылық екеніне көзіміз жетті.
https://www.instagram.com/reel/DGmlGFUNAb-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Комментарии