Дөңгелек үстел: Конституционализм және құқық қорғау
Бүгін, 2025 жылдың 14 ақпанында ҚИнЭУ-де тарихи мұра контекстінде конституционализмді қамтамасыз ету және адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауға қатысты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге құқық саласындағы жетекші мамандар: ҚР ІІМ Шракбек Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының жалпы заң пәндері кафедрасының орынбасары, полиция подполковнигі Әсел Батырбайқызы Ақылбекова, жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, полиция подполковнигі Рамазан Бахчанұлы Аужанов, жалпы заң пәндері кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты, полиция майоры Лев Олегович Хон және «Ауыл» партиясы Қостанай облыстық филиалының басшысы Муслима Амантаевна Даньярова қатысты.
Дөңгелек үстелге ҚИнЭУ жастары да қосылды.
Дөңгелек үстел барысында мамандар қазіргі конституциялық жүйенің азаматтардың құқықтарын қалай қорғайтынын және олардың бостандықтарын қалай қамтамасыз ететінін айтып, құқықтық заңның тарихи аспектілеріне тоқталды.
Кездесуге қатысушылар адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау — тұрақты және демократиялық қоғамның негізі екенін атап өтті. Әсіресе жастар арасында құқықтық сауаттылықты дамыту маңызды.
Комментарии